Жексенбі, 3 Мамыр, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бейбіт өмірді балам көрсе деп тілейтінмін – Сириядан оралған келіншек

30.03.2021
- Мемлекет және дін
0
187
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елімізде 2019 жылдан бастап Таяу Шығыстағы соғыстан қазақстандықтарды қайтару бойынша «Жусан» гуманитарлық операциясы жүргізіліп келеді. Ресми деректерге сүйенсек, елге оралған азаматтардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар.

Солардың бірі – 29 жастағы Атырау өңірінің тумасы Ләззат (кейіпкердің өтінішімен есімі өзгертілді). Ол жат өлкеде өткен 5 жылдық өмірі мен елге қайтқаннан кейін орын алған өзгерістер жайлы біздің порталға сұхбат берді.

«2012 жылы Египетте алты ай араб тілін оқып келдім. Содан 2013 жылы Сирияға кеттім. Оның алдында сол жаққа ағам аттанған. Сирияға баруға ағам үгіттеген жоқ. Тіпті оның кетіп қалғанын басында білген жоқпын, кейін барып естідім. Көбінше сол жақ туралы қыздардан естіп, барар жолды қыздар арқылы білдім. Сирия туралы ақпаратты интернет арқылы көргенмін. Ислам діні, шариғат заңдары іске асатын мемлекет жағынан көрдім», – деп Ләззат әңгімесін бастады.

Айтуынша, бастапқы жылдары тұрмыс жағдайы салыстырмалы түрде жақсы болған, кейіннен ол мекен қызу соғыс майданына айналып, өмір сүру қиындаған.

Толеранттылығы жоқ елдің түтіні түзу шықпайды

Өзге дін өкілін құрметтеу – толеранттылықтың белгісі

24.04.2026
Дінаралық диалог – ислам сеніміне қайшы келмейді

Қазақстандағы дінаралық достық: бейбітшілік пен бірліктің үлгісі

24.04.2026

«Барғаннан кейін аса қиыншылық болған жоқ, ақшалай да көмек көрсетілді. Екі жылдан кейін бомбалау оқиғалары бастады, ол жақ қызу соғыс аймағына айналды. Қиын өмірді сол кезде көре бастадық.

Бірақ қайтып кетуге мүмкіндік болмады. Себебі, кейбір кетеміз деген адамдарды өлім жазасына кесіп жатса, кейбірі жоғала бастады. Ол жақта жүргенде бізді: «Сендер шекарадан өтіп кетсеңдер, балаларыңды қорлайды, әйелдерді зорлайды», – деп қорқытатын. Қасыңдағы адамға да мен еліме кеткім келеді деп айта алмайсың, өйткені бір-бірімізге деген сенім жоқ, қорқасың», – дейді ол.

Көп ұзамай Ләззат ағасының келісімімен қазақстандық азаматпен некеге тұрып, балалы болады.

«Сол уақытта Раққада тұрдым. Ол кезде бір қалада тұра алмайсың, жан-жақта жүресің. 2018 жылы балам бір жарым жас кезінде күйеуім екеуміздің арамызда келіспеушіліктер болып, онымен ажырасып кеттім. Содан баламмен қалып, ары қарай жолды іздей бастадым», – деп сөзін жалғады Ләззат.

Оның сөзінше, ол уақытта күрдтер шекарасынан өзге ұлт азаматтары сирек жіберілетін.

«Мен жол іздеп жүргенде бір арабты кездестірдім, содан қалай шығуға болатынын сұрастырдым. Ақыр соңында ертесіне солармен бірге жолға шықтым, бірақ солардың ішінде басқа ел азаматтарынан тек мен болдым.

Арабтарды шекарадан өткізіп жатты, солармен қосылып шығып кеттім. Шекарадан өткеннен кейін күрдтердің жеріне келдік. Сонда олар кім қай жақтан келгенін сұрады, сол кезде өзімнің Қазақстаннан екенімді айттым», – деді ол.

Ләззат баласымен бірге әл-Хол лагеріне жіберіліп, сол жақта «Жусан» операциясы болатынын естіген.

«Лагерьде жағдай кішкене дұрыстау болды, ана жақтағы өмірге қарағанда тамақ берілетін. Бір күні «қазақтар келіп, өз адамдарын алып кетіп жатыр» деген хабарды естідім. Бірден өзім барып тізімге жазылдым», – деді Ләззат.

2019 жылдың мамырында Ляззат баласымен бірге «Жусан-2» операциясымен елге оралады.

«Елге келгенде қуанышымда шек жоқ еді. Кеудемде ерекше бір сезім болды, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», – деген мақалдың мәнін сол кезде анық түсіндім. Елге оралғанда барлығының қадірін білесің.

Ақтауға келгенде барлығымызды жылы қарсы алды. Сол кезде оңалту жұмыстары, әлеуметтік көмек берілді, тіпті қазірге дейін сол жұмыс жүруде. Бұрынғы өмірге қарап өзім шүкіршілік етем», – дейді Ләззат.

Қазір Ләззат өңірлік дін істері басқармасына қарасты орталықта қызмет жасайды.

«Келгенде аса қиындық туған жоқ. Себебі, жақындарымның қолдауы, ата-анам мен туған-туыстарымның қамқорлығы күш берді. Егер қасыңда жүрген адамдардың қолдауы болса, ары қарай ортаға сіңіп кете аласың. Сол жерде жүргенде өзім көрген бейбіт өмірді балам көрсе деп тілейтінмін.

Шүкір, Отанымызға оралып, бейбіт өмірді, нағыз өзіміздің жеріміздің қандай екенін көрсеттім. Елімізге қайта алып келген мемлекетімізге Алла разы болсын. Соған өте қуаныштымын. Әр кезде өз еліннің қадірін білу қажет», – деп сөзін түйіндеді кейіпкеріміз.

Бұл мақала Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен әзірленген. Оның мазмұны автордың жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Әсел ИБАДУЛЛАЕВА

Таңбалар: басты тақырыпдеструктивті діни ағымдаррадикализмСирия
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бірлік – береке бастауы
Ислам

Ынтымақты сақтау – қоғам кепілі

02.05.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы
Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

01.05.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Жусан» мен «Русафа»: Сирия мен Ирактан оралған азаматтардың қазіргі жай-күйі жайлы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Құрбан айт – имандылық пен ізгілік символы

    Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

    2 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1
  • Аргентинада мектептегі музыка кабинетіне Димаш Құдайбергеннің есімі берілді

    2 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1
  • Сәлемдесу аллеясы

    2 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1
  • Дипломсыз медресе – дүбара дін

    2 бөлісті
    Бөлісу 1 Твитерге 1
  • Дінаралық татулықта зайырлылықтың рөлі қандай?

    1 бөлісті
    Бөлісу 0 Твитерге 0

Соңғы жарияланымдар

«Ел үлесі – пәтерге»:  909-шы баспана кілтін табыстады
Жаңалықтар

«Ел үлесі – пәтерге»:  909-шы баспана кілтін табыстады

03.05.2026
ҚМДБ: «Ислам тарихы» мұражайы ашылды
Жаңалықтар

ҚМДБ: «Ислам тарихы» мұражайы ашылды

03.05.2026
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Жаңалықтар

Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады

02.05.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00