Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жақсылық жасау – жүректің ісі

22.11.2020
- Қоғам
0
3.8k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бұл дүние – сынақ алаңы. Сол сынақтан қалай өтеміз? Соңғы аялдамаға қандай күйде барамыз?

Мұсылман кісі әр ісі мен амалын өлшеуден өткізіп, ақыретіне азық жинайды. Мұсылман адам әрбір атқан таңды бақыт, нығмет деп түсінеді. Әбу Бәкір (р.а.): «Дүние – мүминдердің базары. Күн мен түн – негізгі қаржылары. Ізгі амалдар – сауда тауарлары. Жәннат тапқан пайдалары. Ал тозақ зарарлары», – деген. Сол дүние базарынан кім нені іліп қалады? Қандай пайда табады? Міне, бәрінен де осы маңыздырақ болу керек.

Кейбір адамдар тек Рамазан айында ғана немесе Қадір түнінде, болмаса жұма күні садақа беріп, нәпіл намаз оқып жатады. Алланың әр күні берекелі. Қай күнгі намазыңыз, оразаңыз немесе берген садақаңыз қабыл екендігін ешкім білмейді. Аптаның жеті күнінде амал дәптеріңіз ашулы. Сондықтан «Жақсылықта жарысыңдар!» («Бақара» сүресі, 148-аят) деген Құран аятымен сахабалар көбірек амал жасаған. Сахабалардың жомарттығы, Алла жолындағы ықыласы ерекше болған. Тіпті, олар құлшылығына кедергі келтірген дүниеден бойын алыс ұстаған.

Абдуллаһ ибн Бәкір былай дейді: «Әбу Талха әл-Ансари (р.а.) бақшасында намаз оқып жатыр еді. Сол кезде бір құс ары-бері ұша бастады, ұшқан жерін іздеді, таба  алмады. Бұл жағдай Әбу Талханың көңілін бұрды, сосын біраз құсты көзімен бақылады. Кейін қайта намазын жалғастырды. Сөйтіп қанша ракағат оқығанын ұмытып қалды. Өз-өзіне: «Бұл малымнан маған фитна жұқты», – деді.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп:  «Ей, Алланың пайғамбары! Бұл бақшаны Алла ризалығы үшін садақа қылдым, оны қалағаныңызға беріңіз!» – деді. Әлгі құс Әбу Талханың намазын бұзғанымен, оның иманын бұзбады. Керісінше, дүниесін садақа ету арқылы құлшылығын қуаттады. Бұл оқиғадан керемет насихат алуға болады: «Дүниеге қызығушылықты жүрегінен алып тастағанға – Алла Тағала ұлылығын зікір ету нығметін береді».

@ quran-sunna.ru

Хазірет Әнәстің (р.а.) риуаяты бойынша, Әбу Талха ансарлардың арасында ең үлкен құрма бағына ие еді. Алайда оның ішінде Бәйруһа деп аталатын бақты өзгеше ұнататын. Құрма бағы мешіттің дәл қарсысында еді.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Кейде Алла  елшісі сол баққа соғып, бұлақтан су ішетін. «Сүйген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде игілікке қол жеткізе алмайсыңдар» (Али Имран, 3/92) деген аят түскен кезде, Әбу Талха Пайғамбарымыздың алдына барып: «Уа, Расулалла! Алла Тағала: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша шынайы түрде игілікке қол жеткізе алмайсыңдар», – дейді. Дүние-мүлкімнің арасынан Бәйруһа бағын жанымдай жақсы көруші едім. Оны енді Алла жолында жұмсағым келеді. Иншалла, Алла Тағала менің бұл садақамды қабыл етер», – дейді. Содан соң аз-кем тыныс алып: «Уа, Расулалла! Ол бақты  Алланың қалауы бойынша жұмса», – дейді.

Бұған риза болған Алла Елшісі: «Бұл – неткен олжалы сауда!» – деп ілтипат көрсетті. Басқа бір риуаятта Алла Елшісі Әбу Талхаға: «Ниетіңді құптаймын. Алайда оны туыстарыңа таратқаның абзал», – дейді. Әбу Талха «Жарайды, айтқаныңыздай орындаймын», – деп, құрма бағын ағайын-туыстарына теңдей бөліп берген екен.

Жақсылық жасау – ақшаның өлшемі емес, жүректің ісі. Жылы сөз, жақсы көзқарас арқылы да жақсылық жасауыңыз әбден мүмкін.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Әбу Зарға: «Дін бауырыңды күлімсіреп қарсы алудың өзін кішкене іс деп есептеме!» – деген.

Рас, қазір біраз дүние разылық пен рияның ортасында күн кешіп жүр. Алланың разылығын іздеген пенде амалына мұқият болады. Өйткені, «Кімде-кім жақсылық жасаса, оған оның қайтарымы он есе беріледі» («Әнғам» сүресі 160-аят) деген Жаратушының уәдесі бар екендігін ұмытпайды!

Омардың (р.а.) риуаяты бойынша, бір күні әлдебір бәдәуи Алла Елшісінен (с.ғ.с.) мал-мүлік сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Қазір қолымда ешнәрсе жоқ. Бірақ сен менің атымнан өзіңе қажетіңді ал. Ақысын өзім төлеймін», – деді. Бұған төзе алмаған Омар (р.а.): «Уа, Расулалла! Сізден сұраған кезде бердіңіз. Жарайды ол кезде қолыңызда бар еді. Қазір қолыңызда жоқ. Алла Тағала қолыңызда жоқ нәрсені тауып бермегеніңіз үшін жауапқа тартпайды ғой!» – деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Омардың (р.а.) бұл сөзін ұнатпады.

Осы кезде ансарлық сахабалардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі! (Алла үшін) беріңіз! Ғарыштың иесі сізді аш қалдырмайтыны өзіңізге аян», – деді. Пайғамбарымыз бұл сөзді естігенде: «Жаратқан мені осы мақсатпен жіберді», – деп жаны жадырап сала берген. Жүрегі жұмсақ Алла Елшісі әрдайым адамдарға көмек қолын созған. Өзінде болмаса да, біреудің қажетіне жарауды міндеті санаған. Ол соңына дүние жинаған жоқ. Бірақ үмметіне үлгі боларлық іс қалдырды. «Адамдардың жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны» екендігін амалымен ұғындырды.

Ұқба ибн Харистің әңгімелеуінше: «Пайғамбарымызға ұйып екінті намазын оқыған едім. Алла елшісі сәлем беріп намазды тәмамдағаннан кейін, дереу орнынан тұрып кетті. Сапты жарып өтіп, әйелдерінің бөлмесіне қарай бет алды. Жамағат пайғамбарымыздың бұл әрекетін түсінбей, абыржып қалды. Аз уақыттан кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтып келді. Жасаған әрекетіне таңданып қалған сахабаларына қарап: «Бөлмемізде азғантай алтын мен күміс бар екендігі есіме түсіп кетті. Маған жақсылық жасауға кедергі болмасын деп дереу таратуды әмір еттім», – деді.

Алдамшы өмірде тек ізгі амалдар ғана ұзақ салтанат құрады. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде былай деген: «Кісі жан тапсырған кезде оның үш амалынан басқа бүкіл амалдары тоқтайды. Олар: Садақаи жәрия (яғни, мешіт, жол салдыру, су құбырлары, яки мектеп-медресе сияқты т.б. қоғамға пайдалы істер жасау). Өзі тәрбиелеген немесе тәлім-тәрбие алуына себепші болған ізгі-салиқалы ұл мен қыз дұғасы. Өзгелерге үйреткен білімі, ашқан ізгі жаңалықтары».

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сонда кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал, енді кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді», – деп баян етеді («Зілзала» сүресі, 8-аят).

Алла Тағаланың шексіз рахымдылығын әрдайым сезінуге болады. Себебі жақсылық жасау қақпасы әлі ашық. Оған баратын жолдар да жеңілдетілген.

Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Адамдардың әрбір буыны үшін күніге садақа берулері қажет. Екі кісінің арасында әділеттілікпен үкім етуің – садақа. Көлігіне мінейін деп жатқанға жәрдемдесуің немесе жүгін көлігіне жүктеп беруің – садақа. Жақсы сөз – садақа. Намаз оқу үшін мешітке барғанда жасаған әрбір қадамың – садақа. Өтіп жатқандардың мазасын алатын нәрселерді жолдан алып тастауың – садақа», – деген екен.

Алла Тағала баршамызға Құранды түсініп, оған сүннетке сай амал жасауымызды нәсіп еткей!

Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: дінисламқайырымдылыққоғамӨмірсынақТұрар Түгелұлы
Бөлісу92Твитерге57Бөлісу11Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мейірім бар жерде береке болады
Сұхбат

Мейірім бар жерде береке болады

25.11.2025
Қайырымдылық шараларына қатысты
Жаңалықтар

Қайырымдылық шараларына қатысты

21.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тағдырлас тілдің бүгінгі тынысы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00