Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құранда үйленуге бұйыратын аяттар бар ма?

23.09.2020
- Сұрақ-жауап
0
2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: Үйленуге бұйырып нұсқайтын қандай аяттар бар?

Жауап: Үйленуге үндейтін иләһи нұсқаулар:

Алла Тағала Құран Кәрімде былай бұйырған: «Өздеріңе жақсы көрінген әйелдерден екеуіне, үшеуіне, төртеуіне үйленіңдер. Ал, егер әділдік жасай алмаудан қорықсаңдар, біреуін немесе қол астыларыңдағы күңдеріңді алыңдар. Міне, сол әділетсіздік қылмауларыңа ең жақын» (Ниса, 3).

«Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ, қолдарыңдағы құлдар мен күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса Алла оларды Өз кеңшілігімен байытады. Алла аса кеңшілік иесі, толық білуші» (Нұр, 32).

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

«Іштей жан тыныштыққа бөленулерің үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңда мейрімділік пен сүйіспеншілік тудыруы Алланың белгілерінен. Мұнда ақыл иелері үшін ғибрат бар» (Рум, 21).

«Бақара» сүресінде мынадай аят бар: «Енді оларға жақындасып, Алланың сендерге жазғанына талпыныңдар» (Бақара, 187).

Мүжаһид, әл-Хакам, Икрима, Хасан әл-Басри, Даххак сынды алғашқы толқындағы мұсылман ғалымдары Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн Аббастың (р.а.) сөзіне сілтеме жасап, бұл аяттағы «Алланың жазғанын» «бала» деп түсіндіреді.

Ал, басқа сөзінде Ибн Аббас (р.а.) бұл аяттың алдындағы аяттарға сілтеме жасай отырып, мұндағы мағына «Қадір түні» деп топшылайды.

Ибн Зәйд деген ғалым «жұбайлық қатынас», ал Қатада «Алланың сендерге жазған рұқсатына талпыныңдар» деген мағына деп тұжырымдайды.

Ибн әл-Қайым былай дейді: «Осы пікірлерді қорыта айтқанда бұл аяттағы мағына мынау – Алла Тағала мұсылман үмбетіне ораза түні жұбайлық қатынас жасауға жеңілдік қылды… Сондықтан да Алла Тағала бұл ләззатты жай нәпсінің қажетін өтеп, тояттау ғана емес, сонымен бірге Алланың жазған сыйынан, Құдайға еш серік қоспайтын ұрпақтан үміт етіп талпынуға нұсқады.

Сондай-ақ, ораза түнінде жұбайлық қатынас үшін берілген рұқсат мүмкіндігін пайдалануға нұсқап тұр. Алла Тағала Өзіне қарсы шығуды ұнатпайтындығы сияқты Өзінің рұқсатын пайдаланғанды да өте жақсы көреді…

Сондай-ақ, мұнда жұбайлармен қатынас бір өзі мың айға татитын осынау қасиетті түннен құр қалуға себепші болмауы туралы ескерту бар. Субханаһ уа Тағала: «Ораза түні әйелдеріңмен қосылып қажеттеріңді өтеңдер. Алайда ол нәрсе Алланың сендерге жазған әрі сендерге артықша сый ретінде берген осынау түннен қапы қалуға себепші болмасын» деп тұрғандай. Бәрін білуші бір Алла».

Алланың соңғы әрі ең сүйікті елшісі Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өзінің ұлағатқа толы хадистерінде де үйленудің, жұбайлық өмірдің өзінің сүннетінен екендігін баса айтады. Үйленуді, шариғат жолымен некелесуді мойындамаған жанды өз үмбетінен деп есептемейтіндігін ескертеді.

Таңбалар: құран аяттарыүйлену
Бөлісу47Твитерге29Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі
Қоғам

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі

22.10.2025
Жаңалықтар

Жыл басынан бері елімізде 88 мың неке тіркелген

14.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қызбен жүру күнә ма?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120875 бөлісті
    Бөлісу 48350 Твитерге 30219
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00