Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылман әлемі неге артта қалды?

28.09.2020
- Қоғам
0
460
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам – ғылымға, білімге ұмтылуды көздейтін дін. Құранға көз жүгіртсеңіз, ғылым ізденуге не болмаса оны зерттеуге тыйым салатын аят не сүре жоқ. Керісінше, Жаратушы әлемді адамзаттың игілігі үшін зерттеуге, пайдалануға үндейді.

Ислам әлемінде ғылым IX ғасырларда Аристотельдің философиясы, Платонның жаратылыстану бағытындағы еңбектерін мұсылмандық көзқараста араб тіліне аударудан бастау алды. Антикалық философиядан мұсылман фәлсафасы жарыққа шықты. Орта ғасырларда Орта Азияда мұсылман ғалымдарынан Ибн Сина 500-ге жуық еңбек жазғандығы тарихи деректерде кездеседі. Алайда, қазіргі таңда 240 кітабы ғана сақталған. Небәрі елу жеті жыл өмір сүрсе де, ғылымның бүкіл салаға үлес қосып, есімі адамзат санасынан жоғалмады.

Әбу Насыр Әл-Фараби әлемге әйгілі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз (Му‛аллим сәни) ретінде танылды. Табиғатқа, адамзатқа қатысты ауқымды зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 200-ге жуық трактат жазып үлгерді. Оның ішінде музыка саласына да зор үлес қосып, оның теориясы мен тарихы жөніндегі зерттеулерінде Әл-Фараби көптеген ойшылдардан асып түсті.

Әл-Хорезми – 780 жылы туып, 850 жылы дүниеден өткен атақты ғалым. Оның математика саласындағы ғылыми жұмыстары еуропалықтарды әлі де таңқалдыруда. Адамзат тарихында бірінші рет «нөл» (0) деген санды ойлап тапқан болатын. Сондай-ақ оның ғылыми еңбектерінің ішінде «Әл-Джабр Уәл-Муғабиле» кейінгі уақытта батыс ғалымдары тарапынан «Алгебра» деп өзгертілген. Социологияда Ибн Халдун, астрономия ғылымында Бируни десек, химия саласында Ибн Хайян алдынғы орындарда болған.

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Жалпы тарих сахнасында Ислам мәдениетінің батыс қоғамымен алғаш рет бетпе-бет келуі орта ғасырларда басталды. Мұсылман әлемі Еуропаға Испания арқылы сауда-саттық, экономика, мәдениет ықпалын арттырып отырды. Кейіннен еуропалықтар Ислам ғалымдарының оқулықтарымен танысып, өз тілдеріне аударумен  айналысты.

Соның ішінде Ибн Синаның медицина саласына жазған оқулықтарын, Әл-Фарабидің философия, Ислам мәдениеті, мемлекет басқару жүйесіне қатысты еңбектерін зерттей бастады. Батыс елдері осының арқасында бүгінде технологиясы дамыған елдердің қатарынан орын алды.

Бір өкініштісі, Исламдағы ғылыми ізденістер XIV ғасырға дейін ғана жалғасты. Араб халқы жаратылыстану бағытында сол заманның пәтуәшылары сөзіне еріп, дамымай қалды. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқудан ат-тонын ала қашып, тек құран мен хадиспен шектелді. Мұсылман үмбеті ақиқатты танып-білуде субьективті ойлауға, иждихадқа тыйым салды. Бұның нәтижесі мұсылмандардың ой белсенділігін, интелектуалдық ізденістер мен сыни тұрғыдан талдау жасауын шектеуге алып келді.

Бір сөзбен айтқанда, Ислам дінінде ғылым-білім ізденушілерге ешқашан шектеу салынбаған, қайта аса құрмет көрсетілген. Ал, бүгінде көп жағдай кері көрініс тапты. Деструктивті діни ағымды ұстанушылардың кесірінен Ислам діні ойлау механизмін шектейтін, білім мен ғылымның дұшпаны ретінде бағалануда. Ислам атын жамылған жат ағымдардың өкілдері мұсылман әлемін осылайша артта қалдырды.

Ержас ТҰРСЫНБАЕВ,

Қызылорда қаласы

Таңбалар: ғылым-білім
Бөлісу11Твитерге7Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман елдері неге артта қалған?
Қоғам

Мұсылман елдері неге артта қалған?

20.01.2025
Ғылым үйрену – мұсылманның мұраты
Ислам

Ғылым үйрену – мұсылманның мұраты

11.07.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында дінаралық келісім қалай жүзеге асты?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00