Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Фиқһ ілімі және мәзһаб

26.03.2020
- Ислам
0
4.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам құқығының ерекше атауы болып cаналатын «фиқһ»-тың сөздік мағынасы – білу, түсіну, қылмыскер ретінде түсіну, бір нәрсенің негізгі үкімін білу, сөздің құпия мағынасын түсіну сияқты мағыналарды білдіреді. Ал, фиқһ сөзінің терминдік мағынасы: «Адамның амалы тұрғысынан өзіне және басқаларына қатысты шариғи үкімдерді білуі».

Басқаша айтар болсақ, «Амал туралы, яғни ғибадат, құлшылық және қарым-қатынасты егжей-тегжейлі дәлелдермен үкімдерді білуден тұрады». Осы үкімдерді толық білетін адам «фақиһ» деп аталады. Олай болса, «Фиқһ ғылымы» адамға және қоғамға қатысты шариғи үкімдерді егжей-тегжейлі дәлелдермен баяндайтын ғылым.

Сипаттамасынан түсінгеніміздей бұл ғылым діни, саяси және азаматтық өмірдің барлық аспектілерін кеңінен қамтиды. Нақты айтар болсақ, жеке адамның ғибадатына және қоғамға қатысты барлық тәртіпті қадағалайды. Оның ішінде отбасы, мұра, соғыс және қылмыс сияқты әлеуметтік өмір қатынастарына сәйкес жасалуы немесе жасалмауы мүмкін болған үкімдер жинағы. Сайып келгенде, ислам мемлекеттерінің қызметтерін басқару және ұйымдастыру. Құқықтық, қылмыстық заңдар мен пайымдау процедуралары, юриспруденцияның шеңберіне кіреді.

Жоғарыда айтылған барлық мәселелерді шешудің исламда төрт негізгі көзі бар. Барлық шығарылған ережелер мен үкімдердің жарамды болуы үшін оларға негізделуі міндеттелген. Фиқһ қағидаларын қамтамасыз ететін төрт негізгі дереккөзі мыналар:  1- Кітап (Алла тарапынан Жәбірейіл (а.с) арқылы Мұхаммед (с.ғ.с)-ға түсірілген қасиетті Құран Кәрім),  2- Сүннет (Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистері мен мақұлдаған пікірлері және іс-әрекеттерінің жиынтығы),  3- Қияс (Кітап және Сүннетте бір амалдың нақты айтылған үкімін, ұқсас амалдарда салыстыра отырып ақылмен үкім шығару),  4- Иджма (бір ғасырда өмір сүрген Ислам ғұламаларының барлығы шариғи бір үкімді бір ауыздан қабылдауына айтылады. Сонымен қатар, тек ақылмен берілген үкімдерде де, ауыз бірліктен шыққан үкімге – иджмағ деп айтылады). Әлемнің жаратылған күнінен ақырзаманға дейінгі адамдарды қамтитын. Өйткені Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың сүннеттерінде нақты атап білдірмеген мұсылмандарға қатысты үкімдер. Алайда, шариғатқа қатысты болмаған ислам ғұламаларының бір ауыздан мақұлдауы иджмағ болып саналмайды.

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
Ғұламалардан ғибрат

Ғұламалардан ғибрат

22.09.2025

Шариғатқа қатысты үкімдер алғашқы болып, Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) тарапынан білдірілген. Өйткені, Алла тарапынан келген хабарлар мен үкімдер бірінші болып,  Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) білдірілген. Алғашқы сенген мұсылмандар, яғни сахабалар бір мәселеге қатысты сұрақтарын тікелей өзінен сұрайтын. Бұл сұрақтардың жауабы кейде иләһи құдіретке сүйене отырып өзі жауап берсе, кейде Алла тарапынан тікелей келген хабармен жауап беретін. Осы себептен де сахабалардың әрбірін көктегі жұлдызға ұқсатқан. Пайғамбарымыз бақилық болған уақытта өмірге келген, яғни Пайғамбарымыздың көзін көрмеген көптеген табиғундар исламда ғұлама болған.

Табиғун дәуірінің соңына қарай, ислам дінін ұстанатын мұсылмандық әлемге кең тарай бастады.  Ислам дінін қабылдаған  түрлі ұлттар мен нәсілдерге және көптеген тайпаларға ұстаз болып жіберілді. Осы ұстаздардың бірнешеуі Қазақ даласына дейін келген.

Мұсылмандар әлемге кең тарауымен, ислам ғалымдарының кезектен тыс зерттеулерінің нәтижесінде, көптеген ғылымдар пайда болды.

Алғашқы болып, хадис және усул фиқһ ғылымдары әдіснамалық жолмен құрылды. Осылай әрқайсысының өзіндік сипаттамалары мен тәсілдік тұрғысынан ұстанымдарына қарай мектебі болды. Осылайша мәзһабтар пайда болды. Мәзһаб сөзі: «баратын жол немесе апаратын жол» мағынасын береді. Ал терминдік мағынасы: «Имамдардың ұстанымы, имамдардың жолы және белгілі бір жүйе» деген мағынада қолданылады.

Бүгінгі таңда, фиқһтың негізгі жүйесін қамтыған әдебиеттер міне осы дәуірде жазылған.  Ханафи, Шафиғи, Хамбали және Малики мәзһабтары ислам әлеміне ең көп тараған мәзһабтардан. Қазақстандық мұсылмандардың басым көпшілігі Әбу Ханифа мәзһабын қабылдап, осы бағытта әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, ұстаным мен тәрбие, жеке және қоғамдық қарым-қатынас осы жүйеде біріккен. Бір мәзһабта біріккен ұлт болып, Жаратқан Иеміз ауыз бірлігіміз жарасқан ел болып өрлей беруімізді нәсіп еткей!

Исатай Бердалиев

Ислам Құқық ғылымдарының докторы

Таңбалар: кітапҚиясмазhaбсүннетфиқһ
Бөлісу112Твитерге70Бөлісу14Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?
Сұрақ-жауап

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Жұма намазының сүннеттерін қанша рәкағат оқиды?
Сұрақ-жауап

Жұма намазының сүннеттерін қанша рәкағат оқиды?

25.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Тәуекел етудің қандай сатылары бар?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны
Видео

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025
Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

22.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою