Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шетелден діни білімді қай уақыттан бастап алған жөн?

05.02.2020
- Қоғам
0
334
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ілім алу, білімді болу, іздену адамдардың бұл өмірдегі басты міндеттерінің бірі әрі бірегейі. Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алғашқы сөзі «Оқы» деп бастауы, біліммен шұғылданудың маңыздылығын білдірсе керек. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Ілім алу – бесіктен қабірге дейін әрбір мұсылманға парыз» деген. Адам қоғамдық өмірде мәдениет, өнер, кәсіп секілді салаларда ғылыми жетістіктің және сананың жетілуімен дамиды. Осы арқылы қоғамда, өздерінің тұлғалық қасиеттерін орнықтырады. Қоғамда ортақ сананың қалыптасуында діни және ұлттық рәсімдердің орны ерекше. Өйткені адамдарды бір жерде ұстайтын нәрсе – діни әрі ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтарға қанық болмаған немесе еліміздегі діни оқу орындарынан алғашқы тәлімін алмаған шәкірттердің, шетелде діни білім алуы қоғамдағы қақтығысқа себеп болу мүмкін. Өйткені, шетел ұстаздарынан қазақ дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап алғаннан кейін, өзінің ұлттық рухы өшіп, салт-дәстүріне деген құрметі азаяды. Қазақтың салт-дәстүрін білмейтін бір араб ұстазынан «Жаңа түскен келіннің иіліп сәлем беруіне бола ма?», «Жылқы етін желінуі», «Некеге рұқсат етілген адамдар» және «Жаназа шығарылған үй» туралы қоғамдық пікірге қарсы діни пікірлердің пайда болуына негіз болады. Сол себептен де, Ислам елдеріне барып діни білім алу үшін алдымен еліміздегі медреселер мен жоғарғы діни оқу орындарынан тәлім алғаннан кейін барып жалғастырса, ешқандай әбестігі жоқ.

Елімізде соңғы он жылда дінге деген бетбұрыстың артуынан жоғарғы дәрежелі діни білімге деген сұраныс артып, қала имамдарынан (PhD) ғылыми дәрежесін талап етілуде. Осы тұста елімізде бұндай ғылыми дәреже алған адамдардың саны өте аз.  Сол себептен де, магистратура және докторантура дәрежесін алу мақсатында Ислам елдерінің жоғарғы оқу орындарында діни білімдерін жетілдірсе Қазақстанда, әсіресе, қазақ қоғамының дін саласының дамуына орасан пайдасы болары сөзсіз.

Қорытындылай келе, елімізде діни білім алмастан шетелге кеткен азаматтар мен азаматшалардың басым көпшілігі, мемлекеттік емес радикалды ұстанымы бар діни оқу орындарында адасып, кетіп қалуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда көптеген қазақстандық азаматтар, Ислам елдерінде худжрада (заңсыз Ислам оқулары) білім алып жатқаны жасырын емес. Бұл ортадан шыққан азаматтардың әсерінен қазақ қоғамында мәзһабсыз мұсылмандардың саны күрт өскені бұған дәлел болады. «Дінсіз ұлттың, білімсіз қоғамның болашағы бұлыңғыр» болады. Қандай жағдайда болмасын қоғам сұранысы барлығынан жоғары тұрады. Өйткені, адам өмірінде үзіліссіз жүретін бұл тәрбиелік үдеріспен халықтардың рухани-мәдени дамуы өз жалғасын табатын болады. Өркениеті дамыған зайырлы қоғамда білім алу, сауатсыздықты жою секілді мәселелер аса үлкен маңызға ие.

Исатай Бердалиев

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

Ислам Құқық ғылымдарының докторы

Таңбалар: діншетелде діни білім
Бөлісу8Твитерге5Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы
Ағымдар ақиқаты

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы

05.03.2026
Қоғам

Тамыры терең дәстүр – елдік сананың негізі

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алла Тағаланың жарылқауы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121006 бөлісті
    Бөлісу 48402 Твитерге 30252
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00