Жұма, 11 Қыркүйек, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Абай мен Әбу Ханифаның дерті

20.01.2020
- Қоғам
0
364
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) бір жағынан дәулетті саудагер болғанын білеміз.

Бірде имам Ағзамға керуені тоналғаны туралы хабар жетеді. Оны естіген Әбу Ханифа (р.а.) аздан соң «Әлхамдулиллә», – депті. Әлгі кісі бір айналып келіп, «тоналған керуен сіздікі емес екен, керуеніңіз аман-есен», – деп сүйіншілейді. Әбу Ханифа (р.а.)  бұл жолы да аз уақыттан соң «әлхамдулиллә» дейді.

Мұны көргендер ғалымның мына ісіне таңданыс білдіріп: «Сізге керуеніңіз тоналды дегенде қайғырғанның орнына «әлхамдулиллә» дедіңіз, керуеніңіздің амандығын естігенде, тағы да «әлхамдулиллә» дедіңіз. Сіздің жүзіңізден не реніш, не қуаныш байқалмады», – деп сұрапты.

Сонда Әбу Ханифа (р.а.): «Мен керуен тоналғанын естігенде жүрегімді тыңдадым. Ол жайсыз хабарға ренжіген кейіп танытпай, қалыпты ырғағынан ауытқымады. Ал, жақсы хабарды естігенде де қуанған сыңай танытпады. Жүрегімнің дүние қызығына байланбағанына қуанып, Аллаға шүкіршілік жасадым»,  – деген екен.

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

Қорғалжында Flamingo Fest фестивалі қалай өтті?

07.09.2026

«Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салды» деген не сөз?

25.08.2026

Осы жерден сәл кідіріп, Хакім туралы тұщымды естеліктердің не айтатынына кезек берейік.

«Абай» журналының 1992-жылғы 3-санында жарияланған «Тұрағұлдың естеліктерінде» мынадай жолдар кездеседі:

 «1899 жылы май айының бас кезінде, Үлкен ауылға (Ділда апамыздың ауылын айтады.  – О.С.) келіп едім. Менің сәлемімді алар-алмастан:

– Биыл Сыртқа шығасыңдар ма? – деді.

Біз елдің белгілі жайлауы Шыңғыс тауының сыртына, қыстауымыздың қашықтығынан шыға алмай, жазды күні бауырдағы күзектерді жайлап жата беретұғынбыз.

Мен:

– Түйеміз аз, жүгіміз сыймайды ғой, – дедім.

– Олай болса, мен түйе жинап берейін, жайлауға көшіңдер, – деді. Сол арада сыйлас Есіргеп дегенге бір жігітті жіберді.

Үш-төрт түйе берсін, біздің Кіші ауыл (Айгерім апамыздың ауылы. – О.С.) Сыртқа артып шығады. Түйесін ақсатпай, жауыр қылмай бергіземін, – деп жіберген жігіті барып келді де:

–  Түйем жоқ деп айтады, – деді…

Бұл Есіргеп біздің Ырғызбайдың төрт баласының ішіндегі ең азы, нашары Жортар деген кенже баласы болады. Сол Жортардың Арқат деген ұлының екі баласының бірі – Есіргеп. Есіргепке орташа дәулет біткен соң, Жортар балаларының ергенінен қашып, екі-үш жылдан бері менің әкемнің қасын қыстап, жаз болса және жайлап, күзеп жүруші еді. Әкем әлгі жауапты естіген соң, азырақ үндемей отырды да, аздан соң басын көтеріп:

– Иә, Құдай! Бергеніңе тәубе, мен мұсылман екенмін. Осы Есіргеп Тәңірбердінің қасында отырып, Тәңірберді түйе сұратып жіберсе, «Түйем жоқ» деп айта алмас еді. Бұл түйемді бермегеніме Абай ашуланбайды деп, менің мінезімнің жұмсақтығына сеніп бермеді, – деп қатты қуанды».

Бұрынғылар осылайша жүректерін тексеріп, оның тазалығы үшін ғана дерттеніпті. Жүрегінде дүниеге махаббат болмағанын зор қуаныш біліп, бек қатты қуаныпты.

Оразбек САПАРХАН

Бөлісу9Твитерге6Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Бірлік болу үшін білім керек
Видео

Бірлік болу үшін білім керек

11.09.2026
Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қазақстан жастары экстремизмге қарсы!

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Танымал тақырыптар

  • Қорғансыздың тағдыры

    Қорғансыздың тағдыры

    535
  • Ер мен әйелдің беттен сүйіп амандасуы дұрыс па?

    523
  • Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі талқыланды

    517
  • Лаос Президенті Ұлттық музейге барды

    514
  • Қару-жарақ тәркіленді

    513

Соңғы жарияланымдар

Бірлік болу үшін білім керек
Видео

Бірлік болу үшін білім керек

11.09.2026
Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық
Жаңалықтар

Сауд Арабиясымен архив ісіндегі ынтымақтастық

10.09.2026
«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді
Жаңалықтар

«QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі өтеді

10.09.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00