Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Қой асығы демеңіз…» деген мақал кімнен қалған?

18.10.2019
- Қоғам
0
1.2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам тарихында «абадилә» деп танылған төрт мәшһүр «Абдуллаһ» бар. Бұлардың барлығы да – дініміздің білгір ғалымдары. Солардың бірі – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) немере ағасы Аббастың ұлы – Абдуллаһ.

Абдуллаһ ибн Аббас һижреттен үш жыл бұрын Меккеде дүниеге келген. Дүниеге келе сала оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құшағына алып келеді. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с.) мүбәрак аузында шайнаған құрма мен түкірігін Ибн Аббастың таңдайына жағып, «тахник» жасайды да:

«Уа Раббым! Оны үлкен дін ғалымы, факиһ қыл және оған Құранды үйрет», – деп, дұға етеді. Туа сала Пайғамбарымыздың осындай көркем батасын алған Ибн Аббас ақиқатында дінді терең меңгерген ғалым әрі Құранды ең жақсы білген сахаба болады. Тарихта «Тәржуман ул-Құран» (Құранның тәржіманы) және «Хибр ул-Умма» (Үмбеттің ең үлкен ғалымы) атағын алған да осы Абдуллаһ ибн Аббас. Қазақтың салиқалы адамдарға баланың аузына түкіртіп, бата бергізу ырымы да осы бір сүннеттен келсе керек.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүниеден озғанда Абдуллаһ небары 13 жаста ғана болатын. Алайда, осыншама жасына қарамастан өзінің алғырлығымен әрі зеректігімен сахабалардың арасында ерекше көзге түседі. Халифа Омар (р.а.) оны үнемі мәжілістеріне шақыратын. Абдуллаһ ибн Аббастың өзі былай дейді.

«Бірде Халифа Омар мені Бәдір соғысына қатысқан ақсақал сахабалардың отырған мәжілісіне ертіп апарды. Мені көрген Абдуррахман ибн Ауф:

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

Қазақтың рухани әлемі және елдік мүдде

13.03.2026
Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

Абылайхан Қалназаров: Жақсылық – қайырлы тарих жасайды!

10.03.2026

– Мына жас баланы не үшін біздің мәжілісімізге қатыстырып отырсың? Біздің де бұл секілді балаларымыз жетеді, – дейді. Халифа Омар:

– Бұның орны бөлек екенін сіздер де жақсы білесіздер! – деді.

Тағы бір күні Омар мәжіліске мені және сахабалардың алдыңғы қатарлы ақсақалдарын шақырды. Омардың мақсаты оларға менің ілімімді көрсету екенін іштей сездім.

Халифа Омар сөз алып:

– Алланың жәрдемі мен (көптеген жеңістерге жол ашқан) ұлы жеңісі келген кезде, сондай-ақ адамдардың лек-легімен Алланың дініне кіргенін көргеніңде, міне, сонда Раббыңды мадақ айтып ұлықта һәм Одан кешірім тіле! Өйткені Ол – Тәууәб (құлдарының шынайы тәубесін қабыл етуші, онымен қоймай, оларды артығымен сауапқа бөлеп, сый-сияпатқа кенелтуші)! («Наср» сүресі), – деген Құран аяттарын оқып:

– Бұл аяттар жайлы не дейсіздер? – деп сұрады. Отырғандардан бірнешеуі:

– Алланың жәрдемі мен жеңісі келгенде Алла өзіне мақтау-мадақ айтып, өзінен кешірім тілеуімізді әмір етуде, – деді. Ал кейбіреулері:

– Білмейміз, – деп жауап берді. Қалған бөлігі болса, үн қатпады. Осы кезде Омар маған бұрылып:

– Ей, Аббастың ұлы, сен де осылай ойлайсың ба? – деп сұрады. Мен:

– Жоқ! – деп жауап бердім.

– Онда сенің де пікіріңді білейік… – деді Омар. Мен:

– Алла Тағала бұл аяттар арқылы Пайғамбарының (с.ғ.с.) дүниеден озатын уақыты жақындағанын білдірген. Алланың жәрдемі мен жеңісіндегі мақсат – Меккенің алынуы. Адамдардың лек-легімен дінге кіретіндігін айтуы арқылы Пайғамбарымыздың дүниеден озар уақытының таяғанын айтады. Олай болса, Раббыңды кемшіліктен пәкте, Одан кешірім тіле, Ол үнемі тәубелерді қабыл етуші, – дедім.  

 Бұл сөздерімнен кейін Омар:

– Бұл мәселеде менің де пікірім – осындай, – деді».

Бұл мәжілісте Абдуллаһ бар болғаны он бес жастарда еді. «Болар бала он бесінде «баспын» дер» деген осы болса керек. Бұл сұрағымен Омар мәжілісте отырғандарға «Қой асығы демеңіз, қолға жақса, сақа ғой, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға ғой» дегендей.

Кім білер, қазақтың бұл мақалдары, бәлкім, осы оқиғалардан тамыр алған болар… Қалай десек те, бұл мақалдарға Омар мен Ибн Аббастың осы оқиғасы сұранып-ақ тұр…

Салтан САЙРАНҰЛЫ

Таңбалар: ибн аббасМеккесалтан сайранұлытахник
Бөлісу29Твитерге18Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Құбылаға қатысты қандай тыйымдар бар?
Сұрақ-жауап

Құбылаға қатысты қандай тыйымдар бар?

24.07.2025
Дерадикализацияның төрт бағыты
Видео

Дерадикализацияның төрт бағыты

02.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламды интеграциялаудағы американдық тәжірибе

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120877 бөлісті
    Бөлісу 48351 Твитерге 30219
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00