Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Діндегі тыйымдардың мәні неде?

30.09.2019
- Ислам
0
655
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Адам баласы үшін Алла Тағала пайдалы істерді істеуге бұйырып, зиянды нәрселерден тыйған. Қасиетті Құранда: «Оларға таза һәм пайдалы нәрселерді адал етіп, лас һәм зиянды нәрселерді харам қылды» («Ағраф» сүресі, 157-аят) делінеді.

Иләһи тыйымдардың көптеген хикметтері бары анық. Соның бірі адам өмірі мен құқықтарының қорғалуын айта аламыз. Құран адам баласын «Суннатул-Алла»-ны сақтауға шақырады. Суннатул-Алла – Алланың жер бетіне қойған заңдылығы, яғни, күллі жаратылыстың тепе-теңдігін сақтауы, адам баласының қажеттілігіне ұсынылуы. Бұл иләһи заңдылық адам балалары арасында да сақталуы керек. Иләһи заңдылықтың сақталуы үшін адам балалары кейбір нәрселерді жасауға бұйырылып, екінші бір нәрселерді істеуі харам етілген.

Қасиетті Құрандағы: «Алла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды бұйырады»  («Ниса» сүресі, 58-аят), «Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер. Ал өзара келісіп, ризашылықпен жасаған сауда-саттықтың жөні бөлек…» және «Уа, иман келтіргендер! Ой атаулының көбінен аулақ болыңдар! Өйткені ой атаулы (яғни, өзгелер жайлы арам ойлар) күнәға жатады! Бір-біріңді аңдымаңдар және біріңді-бірің ғайбаттамаңдар!…» деген сияқты аяттар діндегі кейбір харам істер жайлы сөз етеді.

Мұндай тыйымдардың түп мақсұты адам өмірі мен құқықтарын қорғау көзделген деуге болады. Мысалы: аманатты өз иесіне табыс ету – әрқандай бір іске, мақамға соның маманы келуі керектігін ұқтырады. Қоғамның дамымауы, сыбайлас жемқорлықтың кең етек алуы, мемлекет қазынасынан бөлінген қаржының лайықты емес адамдардың қолында кетуі немесе адам құқықтарының қорғалмауы сияқты келеңсіз жәйттердің басты себебі жауапты іске лайықты адамның келмеуінен келіп шығады.

Сондай-ақ, саудагердің сатқан затының сапасын, кемшілігін жасыру арқылы қандайда бір қулық-тәсілмен тауарын өзткізуі болса, өзгенің дүние-мүлкін харам жолмен жеуге жатады. Ал адамдарды ғайбаттау, тілдеу ісінде де – кісі ақысын жеудің, ар-намысына тиюдің басқаша бір түрі көрініс табады.

Шынайы бол…

25.11.2025
Бірінші байлық – денсаулық

Бірінші байлық – денсаулық

24.11.2025

Осы жерде діндегі аталмыш тыйымдардан өзге де харам етілген тыйымдардың зияны адамның жеке басы, отбасы және қоғамды да шарпитынын байқау қиын емес. Мысалы, арақтың харам етілуі болса, адам ақылын бұғаттап, жеке басына зиян келтірумен бірге, айналасындағыларға да зиянын тигізеді. Зинаның харам етілуі болса, жеке тұлғаның арын таптау, отбасының ыдырауы және қорғансыз жетімдердің көбеюі сынды кесірлерін тізбектеп айта беруге болады.

Ислам дінінде адам өмірі мен құқықтарының қорғалуы өмірдің бәрінен қымбат болып табылады. Тіпті, адам өмірін сақтап қалу жолында дінде харам етілген нәрселерге де рұқсат етіледі.

Қасиетті Құранда: «Алла сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалған малдың етін харам қылды. Ал кімде-кім (басына аштан өлу қауіпі төнгендіктен) осы аталғандарды жеуге мәжбүр болса, онда өзгенің ақысын жемеу және зәрулік (яғни жүрек жалғарлық) мөлшерден асырмау шартымен жесе, күнә арқаламайды» («Бақара» сүресі, 173-аят) делінген.

Ислам діні бір нәрсеге тыйым салып, харам еткенімен, екінші халал жолын да көрсетеді. Яғни, адам баласы не кәсіп етемін, қалай өмір сүремін десе де құқылы, тек қана өзгелердің құқығына, ақысына зиянын тигізбесе болғаны. Тура сол сияқты арақ ішуге, доңыз етін жеуді харам еткенімен, өзге көптеген қоректік тағамдар мен сусындықты ішуге рұқсат берген. Зинаға тыйым салып, ақ некелі болуға рұқсат еткен. Сондай-ақ, дінде бір нәрсеге тыйым салынғанымен, екінші рұқсат етілген көптеген жолдарын да бірге ұсынады.

Дін бәзібіреулер айтып жүргендей, тыйымдар мен шектеулерден тұратын қиындық алаңы емес. Керісінше, адам өмірін тыныштандырып, көңіл-күйін орнықтыратын бейбітшілік, бақыт алаңы болып табылады.

Қорыта айтар болсақ, ислам дінінде ең қымбат қазына, ол – адам өмірі мен құқықтарының қорғалуы. Осы негізде адамды рухани және материалдық таза болмысын сақтаудың жолдарын ұсынып, оны кірлететін факторлардан қайтарады.

Дін адамның имандылығын, мұсылмандығын өзгелерді жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаруға, өзіңе қалағанды өзгелерге де қалау идеясымен өмір сүру қағидаты негізінде өлшейді.

Міне, осы тұрғыдан адамзат тарихында қандай да бір қоғам дамып, өркениет ошағына айналған болса, сол қауымға жіберілген пайғамбарлардың немесе иләһи діннің әсері болғаны ақиқат. Бүгінде адамзат қоғамы руханият бұлағынан (діни құндылықтарын бойына сіңіруге) сусындай отырып, қоғамды ірітетін тыйымдардан тазаруға мұқтаж екендігін ұмытпау керек.

Самет Оқанұлы,
исламтанушы

Таңбалар: дінСамет Оқантыйым
Бөлісу16Твитерге10Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Араб шейхтарының діни еңбектерін пайдалануға бола ма?
Сұрақ-жауап

Араб шейхтарының діни еңбектерін пайдалануға бола ма?

01.10.2025
Жасанды интеллектіні дін насихатында қолдануға бола ма?
Қоғам

Жасанды интеллектіні дін насихатында қолдануға бола ма?

24.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Қазислам» порталының 2019 жылдың қыркүйек айындағы есебі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00