Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дүние және ақырет сөзі Құранда 199 рет айтылады

23.08.2019
- Қоғам
0
979
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

«Дүние» сөзі жақын, алдыңғы мағынасын берсе, «ақырет» сөзі соңғы, кейінгі деген мағыналарды білдіреді.

Қасиетті Құранның 199 жерінде дүние және ақырет сөз етіледі. Дүние «الدُّنْيَا» туралы Құранның 111 жерінде 114 рет қайталанып келеді. Соның көбінде «Хәят» сөзінің «الْحَيَاةُ الدُّنْيَا» (дүние тіршілігі) сипаттамасы міндетін атқарады. Ал «الْآخِرَةَ» сөзі Құранның 140 жерінде келіп, 141 рет қайталанады. Бұл сөз көбінесе «الدَّارَ الْآخِرَةَ» (ақырет тұрағы), «اليوم الآخرة» (ақырет күні) және «النشأة الآخرة» (соңғы тірілу) деген сияқты сөз тіркестерімен келеді. Дүние-ақырет сөзі 56 жерде бір аяттың ішінде бірге зікір етіледі [1].

Сондай-ақ, Құранда «дүние» және «ақырет» сөздерінің көп қайталануы және кейбір жерде қатар келуі дүние-ақырет істерінің бір-бірімен тығыз байланысты екендігін және адам баласының мұрат-мақсаты мына дүние жаратылысын игіліктеріне жаратып, ғылыми жаңалықтарды ашумен ғана шектелмейтіндігін, керісінше, сол игіліктерге қол жеткізу жолында талпынудың, еңбек етудің одан да ұлы мақсаты барын түсіндіреді. Ол ұлы мақсат – мәңгілік ақырет өмірінде бақытты болу.

Дін – дүниеде адам баласының мұрат-мақсатын айқындап, дүние-ақырет істерін бір-біріне жалғап, бүтіндейтін Иләһи заңдылық. Қасиетті Құранда дүние-ақырет сөздерінің «тіршілік» және «күн» сияқты сөздермен бірге зікір етілуі екі дүние тіршілігі арасында үлкен байланыстың барын түсіндіреді. Иман негідерінің бірі – ақыретке сену. Ақида еңбектерінде «Сәмғият» (ақырет істері) негізгі бір бөлім ретінде оқытылады. Себебі, бұл дүниенің барын ешкім жоққа шығармағанымен, метафизик әлемін жоққа шығаратындар жоқ емес. Бұл туралы имам әл-Бәздәуи: «Қыбла иелері мен кітап иелерінің барлығы: «Ақырет тіршілігі хақ», – дейді. Ал мүшріктер мен (кейбір) философтар, Алла Тағаланы мойындағанымен, қайта тірілуді жоққа шығарады» [2] деген.

Адам баласы жан-жағына зер салып қарайтын болса, дүние-ақырет әлемдерінде өзара тығыз байланыстың барын көрсететін дәлелдер көп. Содан бірер мысалдарға қысқаша тоқтала кетелік.

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025
Адам болмысы

Адам болмысы

10.09.2025

– Адам баласының болмысы руханит және заттықтан құралған екі негізі бар. Ішкі жан-дүниесі және сезім түйсіктерімен Алламен, метафизик әлемімен байланыс жасайды. Бұл метафизик, яғни, ақырет әлемінің барына дәлел. Ал материядан тұратын дене-ағзалары осы дүниенің символы болып табылады. Яғни, адам жаратылысы екі дүниенің барына дәлел.

– Өмірдегі әрқандай бір игілікті істің екі дүниелік қыры бар. Әуелгісі, адам намаз оқу арқылы денесі кірден тазарады, мешіт жамағаттары арасында бірлік күшейеді. Зекет берумен кедейлердің қажеті шешіледі және т.б. Осындай жақсы істерді істеу адамдарға да, өзіне де пайдалы. Екіншісі, әрқандай бір жақсы істі Алла разылығын күте отырып жасаған адамға ақырет күні мол сый-құрмет көрсетіледі. Яғни, дін дүние мен ақырет өміріне бір бүтін қарайды.

Қорыта айтар болсақ, Алла Тағала: «Алланың өзіңе нәсіп еткен несібесімен ақыреттегі мәңгілік бақыт мекеніне жетуге тырыс. Бұл дүниедегі несібеңді де ұмытпа» («Қасас» сүресі, 77-аят) десе, хадис шәрифте: «Мәңгі жасайтындай дүние жый, аздан соң өлетіндей құлшылық жаса»[3] делінген.

Адам баласы бай (ғылым-білімді, атақты және байлығы мол) болуға ұмтыла отырып, сол мүмкіндігін сауапқа толы етіп өткізу тиіс. Әр күнін соңғы сәттері ретінде қабылдау керектігі айтылып тұр. Міне, бұл діндегі дүние-ақырет ісі жайлы берілген әділ баға деуге болады.

Самет Оқанұлы,
исламтанушы

[1] Док. Шехмус Темир, Дүния ахирет бүтунлігі, 13-15 бб.

[2] Әбу Юср әл-Бәздәуи, Ұсулуд-дин, 160 б.

[3] Сүюти, 1-том, 48 б.

Таңбалар: ақыретдүние
Бөлісу24Твитерге15Бөлісу4Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Ғибратты әңгімелер

Дүниеге қызықпаудың сыры 

20.03.2025
Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?
Сұрақ-жауап

Бұл дүние мұсылман үшін зындан ба?

27.05.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

«Қазислам» порталының әлеуметтік желілердегі аудиториясы

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою