Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Патша – Құдайдың жердегі көлеңкесі» деген рас па?

16.06.2019
- Қоғам, Сұрақ-жауап
1
2k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сұрақ: «Патша – Құдайдың жердегі көлеңкесі» деген хадис бар ма?

Жауап: Осы мағынаны беретін бірнеше хадис-шарифтың бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, аталмыш хадис-шарифтердің иснадына (жеткізілу дәрежесі) қатысты хадис мамандарының арасында әртүрлі (тәуатир, ахад, дағиф) тұжырым қалыптасқан. Тіпті, жаңаша көзқарастағы базбір ғұламалар хадисті жалған (маузу) деп қарастырады. Десе де, бірнеше хадистанушылар риуаят еткендіктен, хадис әлсіздігіне қарамастан хасан (жақсы) дәрежесіне көтерілген.

Хадисті мәтіндік тұрғыдан қарастырар болсақ, мухаддистердің еңбектерінде бұл хадис сөзбе-сөз бір-бірін қайталамайды. Әрбір риуаятта әртүрлі сөйлем құрлысымен берілген. Бірақ, хадистердегі сөйлем құрылысы әртүрлі болса да, жалпы бір мағынаны баяндайды. Енді, хадистердің мәтініне назар салсақ:

«Патша (сұлтан) Алланың жер бетіндегі көлеңкесі, әрбір құл (Алланың) оған мойынсұнады. Егер, әділетті болса (сұлтан) оның сауабын алады. Халық мұндай басшының болғанына шүкір етуі керек. Керісінше, қиянатшыл басшы болса, обалы оған тиесілі. Халық сабыр етуге тиісті» (Баззар, 1217; Байқаһи, Шуабу-л Иман, 9475).

«Тақуа әрі әділ билеуші Алланың жер бетіндегі көлеңкесі және найзасы. Оған жетпіс мың сыддықтың сауабы беріледі» (Ажлуни, 1521, Канзул-Уммал, 14598).

Мешіт жамағатымен өткен жиын

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026

«Патша Алланың жер бетіндегі көлеңкесі. Оған бағынған ақиқатпен қауышады» (Силсилатул-ахадисиз-зайфа, І, 687).

«Патша әрбір құл мойынсұнған Алланың жердегі көлеңкесі» (Хаким әт-Тирмизи, Науадирул-усул, ІІ, 125).

«Патша Алланың жер бетіндегі көлеңкесі. Кімде-кім оған сый-сияпат жасаса, Алла оған сый-сияпат жасайды. Кімде-кім оған қиянат жасаса, Алла одан теріс айналады» (Байқаһи, Шуабу-л Иман, VI, 17).

Жалпы, осы тақылеттес тағы да бірнеше хадис-шарифер бар. Аталмыш хадистерді ғұламалар әртүрлі мағынада түсіндіреді.

Кейбір ғұламалар хадистердің тікелей мағынасын алып, ол күпірлікке итермелемейтін мұсылман патша болса, оның қалай ел билегеніне қарамастан, оған мойынсұнуға шақырған.

Ал, келесі бір ғұламалар патшаның әділетті болуы, оның билігін мемлекеттік кеңестің (шура) мақұлдауы және халықтың басым көпшілігінің оған сенім білдіруі міндетті екенін алға тартқан.

Жаңа хадистанушы ғұламалар бұл хадис-шарифтің исламның алғашқы кезеңінде тәжірибе жүзінде іске асқанын алға тартады. Яғни, хадистің Хақ діннің үстемдігін мұрат етіп, бар ғұмырын сол жолда сарп еткен кемеңгер халифалар және халаф (кейінгі) дәуіріндегі өзгеде әділетті патшаларға қатысты болғанын тілге тиек етеді. Ал, кейін осы хадис-шариф көбіне-көп бұқара халыққа уағыз ретінде айтылып, патшалардың билігін нығайтуға пайдаланылған.

Мұхан Исахан

Таңбалар: құдайМұхан Исаханпатша
Бөлісу49Твитерге31Бөлісу6Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Патшаның өкініші
Ғибратты әңгімелер

Патшаның өкініші

25.09.2025
«Құдайым – жүрегімде!..»
Ислам

«Құдайым – жүрегімде!..»

10.07.2024
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Исламда қандай «ұялшақтық» айыпталады?

Пікір 1

  1. Мақсат жазған:
    7 жыл бұрын

    Осы сұрақты жолдастарым жиі айтатын, анық қанығын өздеріңіз түсіндіріп бергендеріңіз үшін көп рахмет!

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120994 бөлісті
    Бөлісу 48398 Твитерге 30249
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Мешіт жамағатымен өткен жиын
Сұрақ-жауап

Мешіт әдептері қандай?

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00