Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұсылманның бауыры алдындағы 6 міндеті

29.06.2019
- Қоғам
0
3.1k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Махаббат, сыйластық, құрмет қылу сияқты т.б. адамгершілік қасиеттері – дін исламдағы басты ерекшеліктердің бірі. Қазақ «ізеттінің інісі көп», «сыйлассаң сыйлы боласың» деп бекер айтпаса керек. Сол себепті мұсылмандар өзін жақсы көргені сияқты басқаларын да жақсы көріп, оған жәрдем беруі тиіс. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Сендердің ешбірің өзі жақсы көрген нәрсесін бауыры үшін де жақсы көрмейінше толық иман келтірмейді», – деп айтқан (Бұхари).

Исламда адамдардың бір-біріне мейірім мен сүйіспеншілік танытуы, барлық уақытта бауырына демеу көрсетуі, оған жәрдем беруі – бауырластық пен ізеттілік сипаты. Егер мұсылман бауыры қиын жағдайға тап болса, басқалары оған қолынан келгенше сөзімен және мүлкімен жәрдем көрсетеді.

Өйткені Алланың елшісі (с.ғ.с.):

«(Рух) бір-бірін таныса дос болады, егер (ол екеуі) бір-бірін жек көрсе, қарсыласады», – деп айтқан. (Муслим)

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

Исламдағы ізеттілік көрсету мен бірін-бірі жақсы көрудің келесі баспалдағы – адамдардың өзара сыйластығы мен сыпайылығы. Ізеттілік тек сөз жүзінде қалып қоймауы қажет. Исламдағы жақсы сипаттардың бірі – адамның сөзіне сәйкес амал етуі, яғни, айтылған сөзді іс жүзінде қолдану. Ол үшін адамның бір жаңалықтарды ойлап шығаруы қажет емес, бар болғаны пайғамбардың (с.ғ.с.) көрсетіп кеткен сара жолымен жүру, соған сәйкес амал ету.

Пайғамбардың (с.ғ.с.) келесі бір хадисінде былай делінген:

 «Мұсылманның бауыры алдында алты міндеті бар. Олар: оның берген сәлеміне жауап беру; шақырылған жерге бару; егер бауыры кеңеске мұқтаж болса, онда оған  шынайы кеңес беру; егер бауыры түшкіріп, «әл-хамду лиллә» (Аллаға шүкір) десе, оған «ярхамука Алла» (Алла сені жарылқасын) деп жауап беру; егер ол ауырып қалса, оны зиярат ету; бауыры қайтыс болса, оның жаназа намазына қатысу». (Мүслим)

Әрине, Исламдағы ізеттілік пен бауырластықтың шарттары осы алты талаппен шектелмейді. Бұлардың тысында да мұсылман бауыры үшін не істеуі қажет екенін көрсететін  көптеген хадистер бар. Мысалы, бір хадисте:

 «Егер кім сендерден өз бауырын Алла үшін жақсы көрсе, онда оған жақсы көретінін айтсын» – делінген (Әбу Дәуіт).

Мұсылман өз бауырын Алла үшін сыйлайтынын айтып, оған ізеттілік көрсетіп, онымен жақсы қарым-қатынаста болуға шақырады.

Расында да Ислам адамдар арасын түрлі жолдармен біріктіреді. Солардың бірі – Алла үшін жақсы көру. Бізде халық арасында «құдай үшін»  немесе «құдайдан қайтады» деген сияқты сөз тіркестерінің де шығу тегі осындай мағынадағы аят-хадистерге байланысты болса керек.

Сонымен, адамдар арасында Алланың разылығын қалайтын ізгі кісілер жетерлік. Олардың жақсылары сонша, өзінің қымбат уақытын, маңызды шаруасын екінші орынға қойып, басқа адамның қажеті үшін жеке малын сарып қылады, тамағын береді, үйін ұсынады, тәуір малынан бөліп береді.

Сөзімізді нақтылау үшін тарихтағы оқиғаға көз салайық. Мұхаммед ибн Иазид ән-Нахуй есімді ғалым былай дейді:

«Мен Халилге бардым. Ол шағын кілемшенің үстінде отырған еді. Мені көрген ол ығысып, маған орын берді. Мен оның онсыз да тар жерін, одан әрі тарылтқым келмей, қасына отырудан бас тарттым. Сөйтсем, ол мені қолымнан ұстап, өзіне жақындатты да:

– Бір-бірін Алла үшін жақсы көрген пенделерге иненің тесігі де тар болмайды. Бірін-бірі жек көрген адамдар үшін дүниенің кеңдігі де түк болмайды, – деп айтты». (Дәлиу әс-Сәилин кітабынан)

Сондай-ақ, имам Тирмизидің жинағында Муғаз ибн Жәбәлдің мынадай хадисі келеді:

 «Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Ей, Алла! Маған Өз махаббатыңды, Сені сүйген пенделерінің махаббатын, Сенің махаббатыңа жақындататын амалды жақсы көруімді нәсіп ет! Махаббатыңды маған салқын судан да жақсы көрсет!», – деп дұға қылатын» – дейді.

Келесі хадисте:

«Жаным уысында болған Затқа қасам етемін! Сендер иман келтірмейінше, жәннатқа кіре алмайсыңдар. Бір бірлеріңді жақсы көрмейінше, иман келтіре алмайсыңдар. Сендерге көмек беретін нәрсе туралы айтайым ба, ол – өз араларыңда сәлемді тарқатыңдар», – деп айтқан.

Түсініктеме:

Хадистің арабша нұсқасында «әфшус-сәләма» деп келеді, қазақша мағынасы – сәлемді тарқатыңдар. Араб тіліндегі «сәләм» сөзінің келесі мағынасы – бейбітшілік. Сондықтан хадистегі «әфшус-сәләма» сөз тіркесі – бейбітшілікті тарқатыңдар – деген мағынаны да білдіруі әбден мүмкін. Сол себепті бұл хадистің басқа аудармаларында бейбітшілікті тарқатыңдар деп келеді. Мұндағы бейбітшілік дегеніміз – адамдар арасында махаббат пен ізеттілікті тудыратын барлық ізгі амадар, жақсы сөздер. Яғни, хадистің түпкі мағынасы, адамдар бір-бірінің арасында сәлем беріп, жақсы сөздер айтып, ізгі амалдар жасасын және бір-біріне ізетті болсын дегенді білдіреді.

    Расында да, Исламда бейбітшілік пен достықты насихаттау жолдары көптеп айтылады. Солардың бір қатарын ғана келтірер болсақ онда,  адамдардың арасындағы махаббат пен сыйластықты күшейтудің келесі әдісі – сыйлық беру.

Бұған қатысты имам Суютый мынадай хадисті келтіреді:

 «Бір бірлеріңізге сыйлық беріңіздер – жақсы көресіздер».

Адамдардың бір-біріне қонаққа барып тұруы да бейбітшілікті тарқату амалына жатады:

«Уақыт өте бір-бірлеріңізге қонаққа барып тұрыңыздар, бұл – араларыңыздағы махаббатты күшейтеді». (Табарани)

Расында да жоғарыда айтылған пайғамбардың (с.ғ.с.) насихаттарына сәйкес біз, яғни, қоғам мүшелері бір-бірімізді танысақ та, танымасақ та кездесіп қалған уақытта сәлем беріп, біраз ізетті болсақ, біздің ұтарымыз көп. Танымайтын біреу қиындыққа тап болып қалса, біз оған жірдем берудің орына тұра қалып, болған оқиғаны ұялы телефонға түсіріп, желіге салып жіберуге дайын тұрамыз. Кейін оның мән-жайын білмей жатып, қызу талқылаймыз, кейде ашық дұшпанымыз сиқты қатты сөздер айтамыз. Бәлкім, мұның орнына бір-бірімізге жылы сөйлеп, жақсы сөз айтып, ізетті болсақ, адамдар арасындағы қатынас одан әрі нығая түсері сөзсіз. Дініміз әмір еткендей әрқашан да бір-бірімізге ізетті әрі сыпайы болуға тырысайық.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ,

дінтанушы

Таңбалар: Жалғас САДУАХАСҰЛЫмұсылманмұсылман бауыр
Бөлісу74Твитерге47Бөлісу9Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Қазақ пен мұсылман – бір ұғым
Видео

Қазақ пен мұсылман – бір ұғым

24.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ибн Сина өмірбаяны (уақыт шкаласы)

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00