Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дінде анаға ерекше құрмет көрсетудің мәні неде?

07.05.2019
- Сұрақ-жауап
0
610
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026

Сұрақ: Дінде анаға ерекше құрмет көрсетудің мәні неде?

Жауап: Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Кімге жақсылық жасайын?» деп сұрағанда, Ол «Анаңа», – деді. Ол кісі екінші және үшінші рет қайталап сұрағанда да «анаңа» деп жауап береді. Содан кейін төртінші рет сұрағанда «әкеңе, содан кейін жақындығына қарай басқа туысқандарыңа» (Әбу Дауд, Әдәб 129, (5141) деп жауап береді.

Өмірде жақсылық жасауға ең лайықты жанның ана екендігін хадисте бір емес, үш рет қайталанғанынан байқау қиын емес. Хадистің мәнін түсіндіруден бұрын дінімізде әкенің орны да ерекше екендігіне тоқтала кеткен жөн. Қасиетті Құранның: «Раббың бір Өзіне ғана құлшылық етуді, ата-анаға барынша жақсылық жасауды үкім етті. Егер олардың біреуі немесе екеуі бірдей қолыңда қартайса, (оларды ауырсынып) «Туһ!» деп те кеюші болма, оларға зекіп сөйлеме! Керісінше, оларға жағымды жылы сөз айт!» («Исра» сүресі, 23-аят) деген аятында және осы мағынадағы «Анкабут» сүресі, 8-аяты, «Ахқаф» сүресі, 15-аятынан да әр екеуіне қабақ шытпай, жақсылық жасау керектігі білдірілген.

Дана халқымыз, «Әке – асқар тау» деген ұлағатты сөзінің негізі шариғатпен үндесіп жатқанын мына бір мәселеден көруге болады. Ислам шариғатында, құда түсіп келген қыздың уәлилік (күйеу жігітті таңдау) құқығы тек әкесіне, әкесі болмаған жағдайда мұрагерліктегі лайықты болған ер адамдар тәртібіне қарай уәлилік етеді. Ешқандай ер кіндікті болмаса, онда анасы уәлилік ете алады (Молла Әли Қари, Фәтху бәбил ғиная фи шархи китәбин-ниқая, 2-том, 371 б.). Яғни, шариғатта келелі мәселелерде шешім қабылдау негізінен сезімталдыққа берілмей, кең ойлау қабілетіне ие ер адамдарға жүктелген. Әйел адам тәбиғатында сезімталдық және т.б. қасиеттері басым болғандықтан, қоғамдағы күрделі мәселелерге шешім шығару құқығы берілмеген. Осы мысалда көргеніміздей ұл мен қыздың өмірде дұрыс бағыт-бағдар тауып, бақытты болуы жолында әкенің атқаратын істері анаға қарағанда салмақты деуге болады. Бұл дінімізде әкенің орны да ерекше екендігін көрсетеді.

Ал, аталмыш хадистің мәнін Құрандағы: «Біз адам баласына ата-анасына жақсылық жасауды бұйырдық. Анасы оны әлсіреген үстіне әлсіреп, қинала жүріп (тоғыз ай бойы) көтерді. Оның емшектен шығуы да екі жыл алады…» («Лұқман» сүресі, 14-аят) деген сынды аяттар негізінде түсінген жөн демекпіз. Аятта ананың баласын тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, кішкентай кезінде түн ұйқысын төрт бөлген қиын сәттердегі еңбегі сөз етіледі. Яғни, өткенімізге ой жүгіртетін болсақ, ойымызға 3-4 жастан кейінгі өміріміз бір-бірден еске түсе бастайды. Сол сәттерімізді еске алу барысында әке-шешеміздің еркелеткені, ойнатқаны және т.б. бақытты шақтарымыз ойымызға оралады. Екеуіне  де шамамыз жеткенше шүкірімізді жаудырып жатамыз. Ал, сол 3-4 жасқа дейінгі кезіміз біздің есімізде жоқ, ол біздің ең әлсіз әрі көз жазбай қарауға мұқтаж шағымыз. Міне, осы кезімізде бізді құшағынан тастамай баққан бір-ақ адам бар, ол да – анамыз. Сондықтан,  хадисте «Ана» есімі неге көп қайталанды деген сұраққа «Лұқман» сүресінің 14-аяты жауап болса керек.

Таңбалар: анадінқұрмет
Бөлісу15Твитерге9Бөлісу2Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы
Ағымдар ақиқаты

Дін мен экстремизмнің айырмашылығы

05.03.2026
Қоғам

Тамыры терең дәстүр – елдік сананың негізі

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ауыз ашуға асыққан дұрыс па?

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120874 бөлісті
    Бөлісу 48350 Твитерге 30219
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құлдың құлы
Ғибратты әңгімелер

Құлдың құлы

14.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Көк паспорттың қадірі
Мемлекет және дін

Көк паспорттың қадірі

14.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00