Маңғыстау облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «XIX-XX ғасырлардағы қазақ ойшылдары дін турасында» атты жыр сайысы өтті.

Бұл шара деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға, дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарды және қазақ халқының жыр дастандарын дәріптеуге бағытталды.

Шараны «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысына танымал 5 жыршы іріктеліп,  Қашаған мен Нұрымның айтысы, Сәттіғұл Жаңғабылұлының «Насихат сөзі», Ақтан Керейұлының «Болжау сөзі», Базарбай Құнанорыстың «Әуелі Алла пана бер» жыры және т.б. 30-ға жуық жыр айтылды.

Байқау ережесіне сай, сайыс талаптарын орындаған жүлделі орын иелері анықталды. Бас жүлдені Әнуарбек Аманқосов, 1-орынды Бақдәулет Толыбекұлы, 2-орынды Жарас Ізғалиев, 3-орынды Қайырбек Теңел және ынталандыру сыйлығын Ғанибет Аманғали иеленді.

Пікір жазу