Тәжірибе жүргізу барысында ғалымдар жусанға темірді қосып, оны өпке жасушаларына тигізгенде жусан ракқа шалдыққан клеткаларды қайта қалпына келтіріп ал, сау клеткаларға ешқандай әсерін тигізбейтінін көрсетті.
Сонымен қатар, егер біз жусанның жаз мезгілінде шығатын түрін бір ғана мезгіл қолданатын болсақ, онда ол өкпедегі рак клеткаларының 28%-ға дамуына тосқауыл қояды екен. Бұған қоса, жусанды бұдан басқа кез-келген уақытта пайдалану өкпе клеткаларына кері әсерін тигізбейтіні белгілі болды.
Медицина саласында бұған дейін жусан өсімдігі безгек ауруларына қарсы қолданылып келді, енді бүгінде аталмыш өсімдік ракпен күресуге, керек десеңіз, өкпе клеткаларының жақсы дамуына аса пайдасы бар екені ғылыми тұрғыда дәлелін тауып отыр. Себебі, жусанның құрамында көптеген ракқа қарсы темірлер мен микроэлементтер бар екен.
Осыған байланысты «Sanofi» фармацефтикалық компаниясы ракпен ауыратындарға жылына 50-60 тонна жусаннан жасалған дәрі-дәрмектерді шығаруды қолына алып отыр.
Қолданылуы:
Ұнтақ: Жусанды гүлдемей тұрып жинап, оны ұнтақтайды. Содан ұнтақты 0,5 шай қасықпен күніне 5-6 рет астан кейін ішу керек. Осылайша бір аптадан кейін күніне үш ретке дейін азайтуға болады.
Сұйықтық: Жусанды гүлдемей тұрып жинап, оны қысып суын шығарып жинайды. Сығылған сұйықтықты мүмкіндік болса балға қосып күніне 3 рет ас алдында ішу керек.
Жалғас АСХАТҰЛЫ