Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының тапсырысымен елордалық Діндерді зерттеу Орталығымен түсірілген «Жұмақ: жаза және кешірім» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесері маусым айының 10 күні «Сарыарқа» кинотеатрында өтті, деп ҚР ТҚО ресми сайты хабарлайды.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімның орынбасары, Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы және мемлекеттік құқық қорғау органдарының өкілдері, танымал спортшылар және блогерлер қатысты.
Фильм сюжетінде деструктивті діни ағымға түсіп, өмірі күрт өзгерген Әли атты жас жігіттің тағдыры көрсетіледі. Отбасынан бас тартып, ата-анасынан айырылып, достарымен араласуды доғарып, аяғында темір тордың ар жағынан шыққан жігіттің өмірі жайлы көрсетіледі. Бұл ретте қателіктер туралы хабардар болу тым кеш болды.
«Бұл фильмді теологтармен, дін саласының мамандарымен кеңесе келе түсірдік. Фильмде деструктивті ағымға түскен адамдардың тағдыры, діни сауатсыздықтың кесірінен отбасынан безіп, отанын тастап шекара асып кеткендер туралы ашып көрсетеді.
Діни экстремистік идеологияның қармауына түсудің қасіретін көрсету мақсатында фильм түсіру туралы шешім қабылдадық», – деді басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.
Қазақстандық танымал режиссер Серік Таласов:
«Бұл фильмді түсіру туралы көп ойландым. Тақырып оңай емес. Көрермен қалай қабылдайды деген күмән болды. Бір жыл дегенде бір-ақ түсірілімді бастауға келістім.
«Жұмақ» фильмінің бірінші бөлімі 2021 жылы шілде айында жарыққа шығып, халық арасында танымалдыққа ие болып (YouTube, Instagram, Facebook) әлеуметтік желілерінде 5 миллионнан астам қаралым жиналды.
Екінші бөлім сәтті болады деп үміттенемін. Әр фильм туған бала ретінде қабылданады. Сондықтан біз көрермендердің назарын аударып, жақсы көріністерге ие боламыз деп үміттенеміз».
Фильмдерде көрсетілген діни фанатизм және деструктивті діни ағымдар желісіне түскен азаматтардың жаңылысуы мәселелерін қозғайтын мәселелердің кең спектрі халықтың діни сауаттылығын арттыруға ықпал ететін болады.
Көрермендер «Жұмақ» бірінші фильмнің және «Жұмақ: жаза мен кешірім» екінші фильмнің премьерасын елордалық Діндерді зерттеу орталығының ресми YouTube арнасынан тамашалай алады (электр. мекен-жай https://youtu.be/FFJ5zl7lAoQ).