Сұрақ: Досымыз екеуіміз жұма намазына мешітке барғанда имамның уағызын тыңдамай, ұялы телефон шұқылап отырғандардың көп екенін байқадым. Оған рұқсат па?
Жауап: Адам мешітке ақыреті үшін барады, адамның басты мақсаты – бұл дүние тіршілігін жинап, Құдай Тағалаға мінажат ету. Бұл мәселені мынадай мысалмен келтіруге болады: Оқытушы сабақ барысында студенттерден ұялы телефонмен сөйлесуге тыйым салады. Телефонмен шұғылданған бала, сол күнгі жаңа тақырыптан мақұрым қалады. Бұған қоса егер оның телефонмен отырғанын оқытушы көріп қалса, онда тәртібі үшін төмен баға қояды.
Сол сияқты имам да мешіт жамағатына мешітте, уағыз кезінде басқа нәрсемен шұғылдануға, дүние сөздерін айтуға рұқсат бермейді. Әсіресе имам құтпа оқыған кезде мешітке келген жамағат тыныш отыруы міндетті. Жұма намазының уәжіптігі де осы құтпа уағызын тыңдауда. Құтпаны жіберіп алған адам, жұма намазының сауабынан мақұрым қалу қаупі бар.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ