ҚМДБ Жастар ісі секторының Жетісу облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында мұқтаж отбасыларға, мүгедек жандарға, жас буын өкілдеріне және мешіт жамағатына ауызашар қайырымдылық дастарқаны жайылды.
Шараға бас аяғы 350-ге жуық жан шақырылды. Игі шарада Құран оқылып, дұға жасалды. Жарапазан айтылып, діни сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді. Облыстың наиб имамы Керімбек Даутов Рамазан айының артықшылығы жайында уағыз айтып, дәм алушы қонақтардың да жылы лебіздері тыңдалды.
Тарауыққа асыққан жандардың жүздері жылуға толы болды.