Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау қарқынын күшейтуге қатысты әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді.

– Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Вирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді, бір аптада 30%-ға азайды. Елорда ғана «қызыл» аймақта қалды. Осы ретте әкімдік қосымша шаралар қабылдауы керек, – деп айтты Мамин.

Үкімет басшысы атағандай, елімізде 10 өңір «жасыл» аймақта, 6 өңір «сары» аймақта.

– Тұрғындардың вакцина алуы мен эпидемияға қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесінде Қазақстан «жасыл» аймаққа кірді. Бүгінгі күні 2,4 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және шамамен 1,3 млн адам екінші компонентін алды, – деді ол.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  ШҚО: Имамдарды жалақымен қамтамасыз етуге уәде берді

Асқар Мамин әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуы қажет екенін айтты.

– Әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында. Барлық деңгейдегі әкімдер вакцинациялау мәселесін жеке бақылауға алуы тиіс, – деп тапсырма берді ол.

Пікір жазу