ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Алтынбек Ұтысхан жастарымыздың жат ағымға кетуінің бір себебі – теріс пиғылды топтар оларды қайырымдылық арқылы арбайтынын айтады. Әртүрлі қиын жағдайда жүрген азаматтарымыз қой терісін жамылған қасқырлардың жалған қамқорлығына алданып, құрығына оңай түсіп қалып жатады. Мұның алдын алудың бір жолы – ҚМДБ-ға қарасты мешіттер тарапынан жағдайы мүшкіл тұрғындар үшін қайырымдылық істерін жолға қою. Атырау облысында бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылып келеді.