Сұрақ: «Жан өзімдікі, сондықтан онымен не қылсам да өзім білемін» деген ұстаным дұрыс па?
Жауап: Адамның жаны – азиз. Құранда адамның өміріне қол сұғылмайтындығы айтылып, бір адамның өмірін қасақана қию барлық адамдарды өлтірумен бірдей екендігі туралы хабар берілген.
Өмір сүру иммунитетіне қарсы күресу – адамға қарсы жасалуы мүмкін ең үлкен қылмыстардың бірі. Себебі, дін исламның негізгі мақсаты – өмірді қорғау. Дініміз бұған кепілдік беру үшін көптеген моральдық-құқықтық ережелерді алып келді.
Денеге сеніп тапсырылған жанды қабылдау билігі тек Алаға ғана тиесілі. Демек, адамның өз өмірін аяқтауға билігі де, құқығы да жоқ. Басқаша айтқанда, жан – адамға уақытша берілген аманат. Ал аманатқа қиянат жасалмайды.
Термезидің хадистер жинағында пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисі кездеседі: «Алла Тағала үшін бір мүміннің өлтірілуі – дүниенің жоқ болып кетуінен де үлкен зұлымдық». Бұл хадис адам баласының бір-бірін өлтірмей өмірлерін қорғауы – қаншалықты маңызды екенін көруімізге болады. Сол үшін де адамның жаны құнды дүние болғандықтан қан дауы немесе өзіне қол жұмсау болса да адам жанын қию – дінде тыйым салынған. Адамның өмір машақаттарынан немесе сынақтарынан құтылуы үшін өзіне қол салуы да үлкен күнәлардың қатарына жатады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ