Сұрақ: Құрбан айт күндері жалғыз өзі намаз оқыған кісіге «тәшриқ тәкпірін» айту міндет пе? 

Жауап: «Тәш­риқ тәк­бі­рі» Ара­фа кү­ні­нің таң на­ма­зы­ның па­ры­зы­нан кейін, құр­бан айт­тың төр­тін­ші кү­ні­нің на­маз­ды­гер уақы­ты­на дейін­ айты­ла­ды. Ханафи мәзһабында оның үкімі – уәжіп. Яғни парыз намаздарын оқығаннан кейін бір рет айту уәжіп, көбірек айту мұстахаб саналады.

Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша, бұл тәкпір жамағатпен оқыған кісілерге уәжіп саналғанымен, екі имамның (Имам Әбу Юсуф пен Мұхаммед) көзқарасы бойынша, па­рыз на­ма­зы мін­дет­ті саналатын же­ке на­маз оқы­ған адам, жо­лаушы, тұр­ғын, ауыл­да, қа­ла­да тұр­ған ер және әйел­ге – уәжіп.

Ханафи мазһабындағы пәтуа осы екі имамның көзқарасына негізделген. Яғни, жеке басына намаз оқыған кез келген мұсылманның айтуы міндетті саналады.

Алау ӘДІЛБАЕВ

Пікір жазу