Атақты әулие, тақуа Бәһлул Дана замандастарымен, әсіресе, Халифа Һарун Рашидпен жиі рухани сұхбаттасатын. Халифа оның бұл ісін ұнатып, оның сарайға еркін кіріп-шығуына рұқсат берген екен.
Бір уақыттары Бәһлул Дана ұзақ уақыт сарайға бармай қояды. Күндердің бір күні Халифа Һарун Рашид одан қызығушылық танытып:
– Бәһлул, көрінбегелі көп болды, қайда болдың? – деп сұрайды. Сонда Бәһлул:
– Мені жәһаннамға апарып, сол жердегі жағдайды көрсетті, – деді.
Халифа Һарун Рашид оның бұл жауабына таң қалып:
– Ол жерге қалай кірдің? Отқа жанған жоқсың ба? – деп сұрайды.
Бәһлул Дана халифаны одан ары таң қалдырып:
– Жоқ, жәһаннамнан ешқандай от көрмедім. Өйткені әркім отты дүниеден өзі алып барады екен!… депті.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ