Ал діни құлшылықтарды ресми тіркелген діни бірлестіктер атқара алады. Соның ішінде «жұма намазының» өткізілу тәртібі мен уақытын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы белгілейді. Діни басқарма Республикалық ислами діни бірлестік ретінде өзінің Жарғысына сәйкес қызмет жасайды.
Осыған орай, Сіздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ішкі мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлеріңіз бен сұрақтарыңызды Діни басқарманың басшылығына жолдағаныңыз орынды болады.