Бейсенбі, 19 Мамыр, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлылық деген дінсіз ұғымды білдірмейді

24.11.2021
- Мақалалар, Мемлекет және дін
0
131
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
Шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алудың тәуекелі

Шетелдік теологиялық оқу орындарында білім алудың тәуекелі

18.05.2022
Әлемдегі киіктердің 90 пайызы – Қазақстанда

Әлемдегі киіктердің 90 пайызы – Қазақстанда

18.05.2022

Әлеуметтік желілерді парақтап отырсаңыз, зайырлылық ұғымының жиі талқыға түсетінін байқауға болады. Әсіресе, діни ортада «зайырлы мемлекет» ұғымына байланысты түрлі түсінік тарап жатқаны алаңдатады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп көрсетілген. Қазіргі қоғамда кейбір азаматтардың зайырлылық ұғымды дұрыс түсінбей дінге шектеу қою немесе дінсіздікті жақтау деген түсінікте жүргендер жоқ емес. Әсіресе, дін атын жамылған деструктивті ағымдар дінсіздік ретінде көрсетуге тырысып жатқан зайырлылық дегеніміз не? Әскер қатарынан бас тарту, мемлекеттік рәміздерді, заңдарды мойындамау сынды тенденциялардың шығу себебі неде?

Зайырлылық сол мемлекетте өмір сүретін барлық ұлттар мен ұлыстардың құқығы тең деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, зайырлы мемлекеттің құқықтық заңдары болады. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, дүниежүзінде бір ғана Ватиканнан басқа теократиялық мемлекет жоқ екен. Басқа мемлекеттердің барлығы зайырлылық принципті ұстанады. Неге? Өйткені, қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу, салық салу, әлеуметтік төлемдер, айлық жалақы, тіпті медициналық қызмет көрсету болсын, бұның барлығы зайырлылық нормамен реттеледі. Зайырлы елдерде мемлекеттік  басқару діни нормаларды емес, конституциялық заңды басшылыққа алады. Конституциялық негіздегі «зайырлылық» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, оның ішінде дін саласында ашық және айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен саясатты араластырмайтындығын білдіреді. Жалпы, зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеу емес, мемлекеттің діни нормалармен емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуын білдіреді.

Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетіндігін танытады. Мемлекет пен діннің арақатынасындағы жанды байланыстар зайырлы және рухани-діни құндылықтардың арақатынасы негізінде орныққан.

«Зайырлылық» ұғымының ауқымы кең. Соның аясына гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалануы кіреді. Яғни әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы көптүрлілікті мойындау.

Дін – мемлекеттік саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдениетіндегі маңызды факторлардың бірі. Адам мен қоғам өмірінде ерекше орын алатын дін рухани мәдениеттің қалыптасу үдерісінде негізгі функцияларды атқарады, мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына ықпал етеді. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі.

Қазақстан Республикасы әрбiр адамның діни сенім бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.

Діни сенім бостандығы – адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге қандай да бір дінді ұстануға немесе ұстанбауға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және таратуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты адамның негізгі жеке бостандықтарының бірі. Діни сенім бостандығы демократияшыл қоғамның іс-әрекет етуінің қажетті өмірлік шарты, адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Зайырлы мемлекеттің маңызды сипаттарының бірі – діни сенімдері мен көзқарастары әр түрлі азаматтардың бейбіт қатар өмір сүруі. Яғни, зайырлы мемлекет рухани саладағы көптүрлі қарым-қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаев қашан да зайырлылық ұстанымын біздің елдің басты құндылығы ретінде бағалайды. Сондықтан, бұл мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын реттейтін ең басты тетік екені сөзсіз. Бүгінде сыртқы саясатта бейбітшілік жаршысы ретінде өзіндік орын алып отырған Қазақстан үшін адам және оның өмірі, бостандығы басты құндылық болып қала бермек.

Гүлнар Сәрсенбайқызы Сәрсенбай Қызылорда облыстық дін істері басқармасының діни бірлестіктермен  жұмыс жасау бөлімінің басшысы

Тегтер: зайырлылықзайырлылық қағидалары
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Зайырлылықтың үш үлгісі
Мемлекет және дін

Зайырлылықтың үш үлгісі

04.04.2022
Сұхбат

Балғабек МЫРЗАЕВ: Зайырлылықты күшейту – дінді әлсірету деген сөз емес

25.03.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

ҚР ҰҚК Балқаштағы террористер алаңын жою бойынша жағдайды айтып берді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    Бауыржан Әлиұлы жариялаған ой салар соңғы 10 пост

    79 рет бөліскен
    Бөлісу 32 Твитерге 20
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2074 рет бөліскен
    Бөлісу 830 Твитерге 519
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1278 рет бөліскен
    Бөлісу 511 Твитерге 320

Соңғы жарияланымдар

Мұнайлыдағы маңызды жиын

18.05.2022
0
Мұнайлыдағы маңызды жиын

Толығырақ оқу

Н. Назарбаев орталығының алаңында халықаралық онлайн-конференциясы өтті

18.05.2022
0
На площадке Центра Н. Назарбаева состоялась международная онлайн-конференция

Толығырақ оқу

Имамдық – ұлтты ұйыстыратын қызмет

18.05.2022
0
Имамдық – ұлтты ұйыстыратын қызмет

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00