Бейсенбі, 1 Маусым, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зайырлы білім – келешектің кілті

07.04.2023
- Мемлекет және дін, Таңдаулы
0
143
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам адамзат баласын тұрақтылық пен татулыққа шақырып, білім алуды міндеттейді. Бірақ бүгінде дінде білім алу әйел кісіге парыз емес деген сеніммен шектеліп жатқан азаматшалар бар. Көпшілігі орта білімді. Жоғары білімді қажет санамайды.

Тіпті балиғат жасына толмаған қыздарына да орамал кигізіп, мектеп бағдарламасынан шектеп жатқандарын кездестіруге болады. Олардың көпшілігі Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 31-аятындағы Алланың қыз балаға орамал тағу керек дегенін негізгі дәлел ретінде алға тартады.

Ислам дінінде орамал тағу балиғат жасына толғандарға парыз екенін білеміз. Ал қыз баланың балиғатқа толуын тек 9 жаспен шектеуге болмайды. Қазіргі кезде қыз балалардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты 15 жасқа дейін ұзартады.

Исламда орамалдан бұрын білім алу парыз етілген. Сондықтан білім алып, сауатты болу – Ислам дінінің ең басты талабы. Құранда ең алғашқы аят «Оқы» деп түскен. Мысалы: «Жаратқан раббыңның атымен оқы!» (Алақ сүресі, 1-аят). Сонымен қатар, мына аяттарда «Раббым білімімді арттыр!» (Таһа сүресі, 114-аят), «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зүмәр  сүресі, 9-аят), – деп келтірілген.

Тағы бір аятта «Алла Тағала сендердің араларыңда иман келтіргендер мен бойларыңа білім дарытқандардың дәрежесін өсіреді» (Мужәдәлә сүресі, 11-аят). Яғни, бұл жерде білімділердің дәрежесі жоғары екендігін көрсетіп тұр. Хадистердің бірінде «Білім алу – әрбір мұсылман ер кісіге де, әйелге де парыз», – деп білім іздеудің әйелдерге де тиісті екенін айтқан.

Дiни ceнiмнiң дe қaжeттi мөлшeрi, шeгi болуы тиic. Дiни ceнiм aқыл мeн пaрacaтқa жүгiнгeн жaғдaйдa ғaнa шынaйы дiншiлдiк, дiни мәдeниeт қaлыптacaды. Оcығaн орaй қaзaқ хaлқының дaнышпaны Aбaй Құнaнбaйұлы өзiнiң оныншы қaрa cөзiндe дiнгe қaтыcты ойын былaй бiлдiргeн: «Ғылымcыз оқығaн нaмaз, тұтқaн орaзa, қылғaн хaж, eшбiр ғибaдaт орнынa бaрмaйды». Бұл мәceлeгe қaтыcты Иcлaм дiнiнiң қacиeттi кiтaбы Құрaндa былaй дeйдi: «Олaрдың көпшiлiгi ғылымcыздықтaн құмaрлықпeн жәнe әуecтiкпeн (хaлықты) турa жолдaн тaйдырып aдacтырaды» (Әнғaм сүресі, 119-аят).

Ал қазіргі таңда кейбір мұсылман азаматтары шариғат ілімдеріне ғана көңіл бөліп, зайырлы білім алуда артта қалып жатқаны өкініш тудырады. Шариғат ілімдерін ғана оқып, әлемнің жаратылыс құпияларын ашатын ғылым-білімге мән бермеу мұсылмандар үшін жат. Ислам дінінің көркейіп дамуы үшін шариғи білімдер қаншалықты қажет болса, ғылым-білімсіз оны жүзеге асыру тіптен мүмкін емес.

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
Түрмеден берілген тапсырма

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023

Бүгінгі таңда бұл екеуінің арасын бөліп тастау мұсылмандардың адамзат дамуы көшінен артта қалуына әкеліп соқтырады. Орта ғасырларда Ислам үмбеті ғылымдар дамыған уақыттарда әлемді мойындатты, әлемде ең күшті қуатқа айналды, атақ-даңқтың шегіне жетті.

Сол үшін де, діни білімді ғана алып, ал зайырлы білім алу парыз емес деп есептейтіндер Құранды дұрыс түсінуде білім алу қажет екенін білгендері абзал. Орта ғасырларда нақ осы ғылым-білім арқылы Ислам өркениеті дамуға қол жеткізген. Ислам елдерінде білім алу тек діни ғана емес, зайырлы тұрғыда қоса үйретілді.

Ерте кезеңдегі ең танымал ғылыми орталық – ІХ ғасырдың 20 жылдары құрылған Халифа әл-Мамун негізін қалаған Байтул хикма (Даналық үйі) орталығы. Бұдан бөлек көптеген қалаларда ілім-білім дамып, Фес (Морокко) қаласында алғаш заманауи үлгіде университет тұрғызылды. Бұл университетте ерлермен бірге әйелдер де білім алған. Мұнда ғылымның әртүрлі діни, әдеби, жаратылыстану және тағы басқа салалар бойынша пәндер оқытылды. Осы тұрғыда, мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын химия, физика, математика, биология және тағы басқа пәндердің барлығы дүниенің құдіретін тануға жол ашады.

Осылайша мұсылмандар ғылымның барлық саласын жоғары деңгейде дамытып, өркениеттің дамуына барынша үлес қосқан. Дін ғылымдары мен басқа ғылымдар үйлесімділік тауып, білім-ғылымның арқасында мұсылман мемлекеттері әлемдегі ең күшті мемлекеттердің бірі саналды. Сондықтан «Зайырлы білім – болашақтың кілті!» деп сеніммен айтуға болады.

Ш. ДОСАНБАЕВА,

Түркістан облысы «Дін мәселелерін

 зерттеу орталығы» КММ-нің

«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру

бөлімінің басшысы м.у.а

Тегтер: басты тақырыпбілім-ғылымзайырлы білімзайырлылық қағидалары
Бөлісу4Твитерге2Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Беларусьтан жеткен бір үзім нан
Қоғам

Беларусьтан жеткен бір үзім нан

31.05.2023
Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!
Сұхбат

Ғарифолла ӘНЕС: Ақталмаған саяси қуғын-сүргін құрбаны болмауы керек!

28.05.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба
“Француз футбол федерациясы құрма мен судан қорқады!”

"Француз футбол федерациясы құрма мен судан қорқады!"

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    6651 рет бөліскен
    Бөлісу 2660 Твитерге 1663
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4348 рет бөліскен
    Бөлісу 1737 Твитерге 1086
  • Духа намазы қалай оқылады?

    1437 рет бөліскен
    Бөлісу 574 Твитерге 359
  • Сүннет болған намаздардың да қазасы өтеліуі тиіс пе? Ниет қалай етіледі?

    1483 рет бөліскен
    Бөлісу 593 Твитерге 371

Соңғы жарияланымдар

АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2023
0
АЛЖИР: Азалы жылдар жаңғырығы

Толығырақ оқу

Түрмеден берілген тапсырма

31.05.2023
0
Түрмеден берілген тапсырма

Толығырақ оқу

Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

31.05.2023
0
Зәуреш ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ: Саяси құғын-сүргін құрбандары толық ақталған жоқ

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00