Әлеуметтік желілерді парақтап отырсаңыз, зайырлылық ұғымының жиі талқыға түсетінін байқауға болады. Әсіресе, діни ортада «зайырлы мемлекет» ұғымына байланысты түрлі түсінік тарап жатқаны алаңдатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп көрсетілген. Қазіргі қоғамда кейбір азаматтардың зайырлылық ұғымды дұрыс түсінбей дінге шектеу қою немесе дінсіздікті жақтау деген түсінікте жүргендер жоқ емес. Әсіресе, дін атын жамылған деструктивті ағымдар дінсіздік ретінде көрсетуге тырысып жатқан зайырлылық дегеніміз не? Әскер қатарынан бас тарту, мемлекеттік рәміздерді, заңдарды мойындамау сынды тенденциялардың шығу себебі неде?
Зайырлылық сол мемлекетте өмір сүретін барлық ұлттар мен ұлыстардың құқығы тең деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, зайырлы мемлекеттің құқықтық заңдары болады. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, дүниежүзінде бір ғана Ватиканнан басқа теократиялық мемлекет жоқ екен. Басқа мемлекеттердің барлығы зайырлылық принципті ұстанады. Неге? Өйткені, қоғамдық қарым-қатынастарды реттеу, салық салу, әлеуметтік төлемдер, айлық жалақы, тіпті медициналық қызмет көрсету болсын, бұның барлығы зайырлылық нормамен реттеледі. Зайырлы елдерде мемлекеттік басқару діни нормаларды емес, конституциялық заңды басшылыққа алады. Конституциялық негіздегі «зайырлылық» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, оның ішінде дін саласында ашық және айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен саясатты араластырмайтындығын білдіреді. Жалпы, зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеу емес, мемлекеттің діни нормалармен емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуын білдіреді.
Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлінгенімен, халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігінен бөлінбейді. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетіндігін танытады. Мемлекет пен діннің арақатынасындағы жанды байланыстар зайырлы және рухани-діни құндылықтардың арақатынасы негізінде орныққан.
«Зайырлылық» ұғымының ауқымы кең. Соның аясына гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалануы кіреді. Яғни әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы көптүрлілікті мойындау.
Дін – мемлекеттік саясаттағы және қоғам азаматтарының рухани өмірі мен мәдениетіндегі маңызды факторлардың бірі. Адам мен қоғам өмірінде ерекше орын алатын дін рухани мәдениеттің қалыптасу үдерісінде негізгі функцияларды атқарады, мәдениеттер мен өркениеттердің дамуына ықпал етеді. Дін дегеніміз тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру мәнері, моральдық нормалар, қарым-қатынас әдебі, рухани қағидалар жүйесі.
Қазақстан Республикасы әрбiр адамның діни сенім бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық, зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.
Діни сенім бостандығы – адамның жеке өзі немесе басқалармен бірге қандай да бір дінді ұстануға немесе ұстанбауға, еркін таңдауға, діни сенімде болуға және таратуға, соған сәйкес әрекет етуге құқықты адамның негізгі жеке бостандықтарының бірі. Діни сенім бостандығы демократияшыл қоғамның іс-әрекет етуінің қажетті өмірлік шарты, адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Зайырлы мемлекеттің маңызды сипаттарының бірі – діни сенімдері мен көзқарастары әр түрлі азаматтардың бейбіт қатар өмір сүруі. Яғни, зайырлы мемлекет рухани саладағы көптүрлі қарым-қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаев қашан да зайырлылық ұстанымын біздің елдің басты құндылығы ретінде бағалайды. Сондықтан, бұл мемлекет пен діннің өзара қарым-қатынасын реттейтін ең басты тетік екені сөзсіз. Бүгінде сыртқы саясатта бейбітшілік жаршысы ретінде өзіндік орын алып отырған Қазақстан үшін адам және оның өмірі, бостандығы басты құндылық болып қала бермек.
Гүлнар Сәрсенбайқызы Сәрсенбай Қызылорда облыстық дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы