Мұхаммед есімді дағыстандық кішкентай жеткіншек көп уақыттан бері велосипед аламын деп ақша жинап жүрген еді. Бүгінгі күнге дейін 4500 рубль жинап үлгеріпті (шамамен 26 мың теңге). Бірақ аяқ астынан Түркия мен Сирияда жер сілкінісі болып, Мұхаммед ақшасының бәрін зардап шеккендерге жіберуге шешім қабылдады.
Баланың бұл қайырымдылығы туралы естіген жерлестері оған күтпеген сыйлық жасады. Мұхаммедке велосипед алып беріп қана қоймай, қолына өзі жинаған ақшадан 10 есе көп қаражат ұстатты.
Жас жеткіншектің мұндай қайырымды амалы – таң намазына қатысқанның әсері екен. Таң намазына бір рет қатысқаннан кейін-ақ балалар түрлі ерлік істерге баратын көрінеді.