Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар бойынша конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.
Гранттар азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында беріледі.
Олардың қатарында қоғамда волонтерлікті тартуға және танымал етуге бағытталған алты жалпыұлттық «Birgemiz» жобасы бар. Одан басқа саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша «Тарих ақтаңдақтары» жобасын атап өткен жөн.
Байқауға ҮЕҰ дерекқорында бар ҮЕҰ қатыса алады.
Өткізудің шарттары мен тәртібі, оның ішінде конкурсқа қатысу өтініміне қойылатын талаптар ҮЕҰ үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына бақылау жүргізу қағидаларында айқындалады.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 2 шілде сағат 18:30-ға дейін жалғасады.
Конкурстың тақырыптары мен толық шарттары: .
Қатысу үшін келесі құжаттар қажет: https://www.youtube.com/watch?v=Ez7rSFGxYWs.
ҮЕҰ-ға арналған гранттарды беру қағидаларының талаптарына өтінімдердің сәйкестік тізбесі: https://cisc.kz/ru/vopros-otvet/.