Сұрақ: Түс және илһамға сәйкес амал жасала ма? Егер жасалса, онда оның шарттары қандай?

Жауап: Түс пен илһам рабани, рахмани немесе шайтани және нәфсани болуы мүмкін. Сол себепті оларды ажырата алу керек. Ислам ғұламалары мына үш шарт орындалса ғана, олар бойынша амал етуге болатынын, алайда ешкімді мәжбүрлемеу керектігін айтады:

  1. Түсте немесе илһамда діндегі үкімдерге қарсы келетін немесе харамды халал ететін, яғни дінге және сүннетке қайшы келетін нәрселер болмауы тиіс.
  2. Түске немесе илһамға жүгінетін адам сенімді, яғни Әбу Ханифа, Имам Шафиғи, Имам Ғазали сияқты сенімді адам болуы тиіс. Ол ғалым өтірік сөйлемейтін, дін негіздерін толық меңгерген, іліміне сәйкес амал ететін адам болуы шарт.
  3. Түс және илһам арқылы келген хабарды, дін тарапынан келген бір әмір ретінде қарстырылмайды. Оны тек ұсыныс ретінде қабылдауға болады. Түс пен илһам – ескерту мен нұсқау ғана, міндеттеу немесе мәжбүрлеу емес. Сол үшін көрген түсіне сәйкес амал қылған адам айыпталмайды. Сол сияқты түске немесе илһамға амал етпеген адам да күнәһар болмайды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Әрбір адамға бір шайтан тиесілі ме?

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу