Түрікменстан билігі қасиетті Рамазан айы қарсаңында ел мұсылмандарының құлшылық үйлеріне баруларына рұқсат етті. Дегенмен, әлі де санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс.
Мешіт қызметкерлері ғибадатхана ішін күн сайын тазалап отыруы міндетті. Кешеден бастап мұсылмандар енді мешіттерде жұма, мерекелік және тарауық намаздарын оқи алатын болды.
Айта кетсек, Түрікменстанда коронавирустың таралуына байланысты 2020 жылдың 13 шілдесінен бастап мешітке баруға тыйым салған болатын.