Алдағы қыркүйек айында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VII съезі өтпек. Бүгінде аталған іс-шараға дайындық барысы қалай? Съезд қандай тақырыпқа арналмақ? Әлемнің қандай елдерінен делегаттар қатысады деп күтілуде? Осы және өзге де сұрақтарға «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ бас кеңесшісі Руслан Ахметов жауап берді.