Сұрақ: Тісті емдету немесе қаптау дәрет немесе бой дәретке бөгет бола ма?
Жауап: Тіске салынған пломба дәрет немесе бой дәретке кедергі болмайды. Алайда, протез, яғни алынбалы-салынбалы тістерді бой дәрет алғанда ауыздан шығарып, ауызды шайқау керек.
Тіске пломба қойылғаннан кейін ол тістің сыртқы қабаты болып саналады. Сондықтан ауыз жуылғанда пломба қойылып қапталған тістер жуылған болып есептеледі. Яғни кез келген адам емдету мақсатымен тістеріне пломба қойып, қаптата алады.
Бұл шара қажетті және міндетті болғандықтан, мәзһабтар арасында ешқандай қарама-қайшы пікір айтылмаған. Пломба салдырған адамның емнен бұрын дәретсіз немесе жүніп болғандығы да жағдайды өзгертпейді.
тамаша ақпарат