Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, соңғы жылдары теріс діни ағымдардың қатарына кетіп қалып жатқан жастардың басым бөлігі – маргинал жастар. Олар кімдер? Жұмыс істегісі келмейтін, ештеңеге қызықпайтын, дәстүрді білмейтін, кітап оқымайтын, телефон шұқылаудан басқа істейтін шаруасы жоқ жастар…