Грузия Ішкі істер министрлігі екі айға созылған арнайы операцияның аяқталғанын және Тбилиси шетіндегі Поничала және басқа да аудандарында 20 есірткі сатушы мен сегіз есірткі сатып алушыны тұтқындағанын хабарлады, деп хабарлайды SPUTNIK Гзузия.

Ұсталған 28 адамның ішінде біреуі Үндістан азаматы.

Тергеу нәтижесінде ұсталған есірткі сатушылардың жүйелі түрде есірткі сатқаны анықталды.

Арнайы операция кезінде жасырын полиция қызметкерлері ұсталған адамдардан есірткі заттарын (героин және альфа-ПВП) бірнеше рет сатып алып, сатып алу фактісін видеоға түсірген.

Ұсталғандарды тінту кезінде полицейлер бір келіге дейін героин, сондай-ақ 129 субутекс таблеткаларын тәркіледі. Сонымен қатар, тінту кезінде полицейлер есірткі сатушылардың бірінен тапанша мен атыс оқ-дәрілерді тапты.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Халал Даму» Тайланд елшілігімен ынтымақтастық орнатуда

Ұсталғандарға есірткі заттарды заңсыз алғаны, сақтағаны және сатқаны үшін 8 жылдан 20 жылға дейін немесе мерзімсіз бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Пікір жазу