«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 410 үміткердің өтінімі тіркелді Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде басталып, 20 қыркүйегінде аяқталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау үшін конкурстық өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы жарияланған болатын.

Үміткерлерден барлығы 410 конкурстық өтінім келіп түсті, оның ішінде «Ғылым» бағыты бойынша – 77, «Медиа» – 60, «Мәдениет» – 47, «Бизнес» – 154, «Ақпараттық технологиялар» – 72. Бүгінгі таңда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Грант бағыттары бойынша комиссиялардың отырыстары онлайн-форматта өтеді. Қажет болған жағдайда, егер ұсынылған жобада жобаның негізгі идеясы, оның әлеуметтік әсері, күтілетін нәтижелер толық ашылмаған болса, сондай-ақ қосымша мәселелер туындаған кезде үміткер Комиссия мүшелерінің тыңдауына шақырылуы мүмкін.

Пікір жазу