Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сумен ұшықтау – сүннет амал ма?

14.08.2023
- Ислам, Таңдаулы
0
401
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Кейде астан, жиркенішті дүниеден, судан, жағымсыз иістен ұшынып қалатынымыз сөзсіз. Мұндайда адамға ұшық үш түрлі жағдайда әсер етеді дейді дана халқымыз. Біріншісі ерінге жара болып шығу, екіншісі асқазанға жара болып түсу және бас ауырып, лоқсып, дене қызуы көтеріліп әлсіреу.

Жалпы ұшықты медицинада Герпес қоздырғышы деп аталатын жұқпалы ауру дейді. Оның құрамында Herpesviridae тұқымдасына жататын Herpes simplex вирусы бар ДНК. Ең көп тарағаны – 1-тип (ерінге ұшық шығады).

Терідегі герпестің асқынуына мыналар себеп болады:

Стресс, суық тигізу, жіті респираторлы аурулар, иммунитет жүйесін әлсірететін қандай да болмасын жұқпалы аурулар, жағымсыз тамақ жегенде, жаман иістен тітіркенгенде. Ұшынып ауырған адамға қазақ халқы түрлі ырымдар жасаған. Жер ұшық, ай ұшық, күн ұшық және су ұшық берген. Соның ішінде кең тарағаны жер ұшық пен су ұшық. Бұл екеуінің ішінде медицина сумен ем жасауды қолдайды. Яғни, баланың не адамның ыстығы қатты көтеріліп кетіп жатса табанын, арқасын, қолтығын медициналық спиртпен сылауды міндеттейді.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Халық емшілері ыстығы көтеріліп, мазасы қашқан адамға салқын душ қабылдауды не бейқам тұрғанда үстіне мұздай су шашып жіберуді ем етеді. Бұрынғы көнекөздер де ұшынған не ыстығы көтеріліп, дел-сал болған балаға не ересек адамға су ұшық ырымын жасаған. Ол үшін күнталас уақытта, яғни күн толық ұясына кіріп кеткен шақта ауруды құбылаға қаратып отырғызады да «ұшық, ұшық, Алла, бәледен сақтай гөр, көзге көрінер-көрінбес пәледен сақтай гөр» деп жерді үш рет сүйгізіп, үстіне мұздай суды ұрттап барып үш рет бүркиді. Әр су бүркігенде биссимилла су ұшық кеселді сумен алып кет деп айтады.

Ыстығы көтерілген ересек адамдарға байқатпай барып мұздай суды ыдыспен шашу ырымы да бар.

Бұл ырымның түбі сүннет амалда жатқан секілді көрінеді. Себебі де бар. Пайғамбарымыз Мұхаммет (с.ғ.с.) бастаған қол Қайбар қаласын алған еді. Ол қала сондай бір көкөністің бағы жайнап тұрған қала болатын. Сахабалар әбден арып-ашып келіп, әлгі жемістерді тоя жиді. Сөйтіп, олардың ыстығы көтеріліп ауырады. Бұл хабарды естіген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Бұл ыстық көтеріліп ауру деген тозақтың бір отынан» деп әлгі серіктестеріне ақшам мен құптан намазы арасында мұздай суға түсуге кеңес береді. Сөйтіп барлығы мұздай суға түседі. Содан соң жазылады.

Кейін бір сахаба келіп болған жайды айтқан уақытта екі дүние сардары «Адам баласы өзінің асқазанынан артық жаман ыдысты толтырмаған» (Табарани) дейді.

Қазақтың су ұшық деп жүргені осы бір сүннет амалға өте жақын іспетті. Анығын Алла ғана білуші.

 Сәкен АЛДАШБАЕВ,

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы

Қызылорда қаласы

Таңбалар: сүннет
Бөлісу10Твитерге6Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?
Сұрақ-жауап

Пайғамбарға (с.а.у.) салауат не үшін айтылады?

17.06.2025
Жұма намазының сүннеттерін қанша рәкағат оқиды?
Сұрақ-жауап

Жұма намазының сүннеттерін қанша рәкағат оқиды?

25.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Елімізде банан өсіріле бастады

Елімізде банан өсіріле бастады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00