Ағылшындардың футбол премьер-лигасы елдегі спортшы мұсылмандардың құқығы мен міндеттерін реттейтін «мұсылман кодексіне» қолдау білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы BBC Sports ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жобаны коммерциялық емес ұйымдардың бірінің негізін қалаған Ибадұр Рахман әзірлеген еді. Мұндай құжаттың пайда болуына матч немесе жаттығу кезінде мұсылман спортшылардың түрлі қиындықтармен бетпе-бет келетін өмір сүру тәртібі себеп болған.

Естеріңізде болса, таяуда күллі әлемді елең еткізген Поль Погба есімді спортшының басынан өткен жағдай, дәлірегі, баспасөз жиыны кезінде алдындағы Heineken маркасы жапсырылған сыра шөлмегін алып тастаған әрекеті түрткі болып отыр.

Аталмыш кодекс 10 тармақтан тұрады, атап айтқанда, жасыл алаңдағы жеңісін ішімдіксіз атап өту, намаз оқу орнын ашу, халал тағам тұтыну, қасиетті Рамазан айында ораза ұстауына жағдай жасау, т.б. Ағылшындардың бес премьер-лига клубы мен EFL (ағылшын футбол клубы) 15 клубы қатарындағы мұсылман спортшылардың діни сеніміне құрметпен қарауға бастайтын «Мұсылман кодексіне» қолдау білдірді.

13 ПІКІР

  1. Отличная новость! Еще один шаг на пути к толерантности.

  2. Керемет! Әр адамның діни сенімі заңмен қорғалғаны дұрыс!

  3. Өте дұрыс шешім. Әрбір сенім құрмнттеліп,заңмен қорғалуы тиіс.

  4. Қай жағынан алып қараса да дұрыс шешім секілді. Қай елде болмасын әр адамның мейлі ол спортшы болсын, әнші болсын діни сенімі заңмен қорғалуы керек. Сонда ғана басқа адамдар бір адамды діни сенімі үшін қыспаққа алып, қорлық көрсете алмайды!

  5. Өте керемет кодекс! Жасыл алаңдағы жеңісін ішімдіксіз атап өту, намаз оқу орнын ашу, халал тағам тұтыну, қасиетті Рамазан айында ораза ұстауына жағдай жасау т.б адами тұрғыда спортшылардың ішкі сенімін нығайтып, қайратын жігерлендіре түсетіні сөзсіз.

  6. Ағылшындардың бес премьер-лига клубы мен EFL (ағылшын футбол клубы) 15 клубы қатарындағы мұсылман спортшылардың діни сеніміне құрметпен қарауға бастайтын Мұсылман кодексі қолдауға тұрарлық әрине. Осындай игі істер арқылы қоғамды тәрбиелеп, әсіресе болашақ жас спортшыларымызды дайындауға мүмкіндік зор.

  7. Әр ортада әр адамның, қауымның діни сеніміне құрметпен қарау әр уақытта сыйласымдылыққа, діни төзімділікке бастайды. Мұсылман спортшылардың діни сенімін нығайтуға жасалған үлкен қадам. Осындай қадамдар көп болсын.

  8. Мұсылман спортшылардың діни сеніміне құрметпен қарауға бастайтын кодекстің мақұлданғаны жақсы жаңалық екен. Діни салттарын орындауға жағдай жасалатының өзі мұсылман қауымға үлкен медет болғаны мәлім

  9. Адамға таңдау еркіндігін беру маңызды. Футбол қазік актуалды темаға айналды. Бүкіл әлем ойнайды. Сол себепті әрқайсысының құқығы қорғалу керек

  10. Заниматься спортом и поддерживать здоровье. Таким образом мотивируют людей заниматься собой. Похвально то, что учитывают мнение. Нам всем надо модернизировать наше общество и сделать удобным для всех

  11. Кімнің болса да өз саласында құқығы заңмен қорғалғаны дұрыс. Осындай қадамдар арқылы әр бір адамның өзіне деген сенімділігі артып, қоғамда қорықпастан жүреді. Заңмен қорғалғаннан соң басқа адамдар да оны сенімі үшін табалап, қысым көрсетпейді.

  12. празднование победы без алкоголя, открытие молитвенного заведения, потребление халяльной пищи, создание условий для поста в священный месяц Рамадан укрепляют внутреннюю веру спортсменов.

  13. Очень правильное решение. Каждое доверие должно быть учреждено и защищено законом

Пікір жазу