Жауап: Ең алдымен, шетелдерде қарулы қақтығыстарға қатысып жүрген ел азаматтарының діни және қоғамдық-саяси адасуда жүргендігін атап өту керек. Бұл, бір жағынан, халықаралық экстремистік күштердің мақсатты идеологиялық насихатының салдары болса, екіншіден, ол азаматтардың діни сауаттарының жоқтығының нәтижесі болып табылады.
Ислам діні өз сипатына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Географиялық жағдайларға және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты әрбір халықтың өзіне тән тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, дәстүрлері Ислам дінінің мазмұнын байыта түсері сөзсіз.
Бүгінгі жағдайда қоғамдық қатынастар күн сайын өзгерістерге ұшырауда, оның ішінде пайдалысы да бар, пайдасызы да бар. Қандай дін болса да ол адамдардың сыртқы формасына емес, ішкі жан дүниесіне қарайды.
Бүгінгі күні, Таяу Шығыс елдерінде орын алып отырған жағдай да ойланған адамға көп нәрсені аңғартады. Өздерін мұсылманбыз деп қалың сақал-мұрт қойып, қара киім киген азаматтар бала-шаға мен әйелдерді босқынға жіберді. Отандарынан айырылып бас сауғалаған, үй-жайсыз аш-жалаңаш қалғандардың обал-сауабын кім көтереді. Осыдан да көріп отырғанымыздай әрбір азамат өзінің сыртқы формасымен ғана кемел адам болып саналмайтынын ескеруіміз керек. Сондықтан да, діндар адам сақал қоюмен емес, көркем мінезімен, ниеті таза, ізгі істерге, жарқын үмітке ұмтылуымен белгілі болады.
Қазақ халқының басты ерекшелігі – Исламды арқау еткен ұлттық тәрбиесінде. Қазақ халқының бүкіл салт-санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелі, ертегі, жырлары, ойын-сауығы айналып келгенде, тәрбиелік мәселеге келіп тіреледі. Олар адамгершілікке, имандылыққа, көпшілікке, азаматтыққа баулиды.
Сондықтан, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстардың мақсаты – дәстүрлі құндылықтар мен зайырлы қағидаттарды насихаттау арқылы қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады.
Сонымен қатар, шетелге осы мақсатта шығуға ниеттенген азаматтармен, олардың ата-аналарымен, туған-туыстарымен түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Осындай жұмыс өз нәтижелерін беруде, керағар насихаттан алданып шетелге шығам деген біраз жастар райынан қайтарылды.