Шығыс Қазақстан облысы Алтай аудандық «Ақтан» мешіті Алтай қаласындағы қазақ бастауыш мектебіне ерекше қайырымдылық жасады. Бұл жолы ізгілік шарасында мектепке қазақ тіліндегі оқулықтар берілді.
«Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев: «Исламда білім алуға жәрдем жасау аса сауапты іс болып есептеледі. Осы бағытта балаларға білім нәрі болсын деп оқулықтар, кітаптар сыйлап отырыз. Қолдан келгенше қайырымдылық жасау – мұсылманға парыз іс. Балалардың жүзінен мейірім шуағын көрудің өзі ғанибет» деп осындай шаралар аудандық мешітте жүйелі түрде үздіксіз жасалып келе жатқанын жеткізді.