Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында шет елдерге барып діни білім алуға мұқтаждық болды. Ал қазір жағдай басқаша. Бакалавр деңгейінде бізде діни білім беру жүйесі қалыптасқан. Елімізде 4 мамандық бойынша шәкірттер оқытылып жатыр. Атап айтсақ, олар – «Дінтану», «Теология», «Исламтану» және соңғы қосылған «Дінтану және тарих» мамандықтары.