Сұрақ: Шәууәл айында ұсталатын алты күн ораза Рамазан айында қаза болған ораза үшін жарамды ма?
Жауап: Бұл жағдайда мынадай маңызды мәселені естен шығамырп алмаған жөн: Рамазан айының оразасы – парыз. Оны Алла Құранда әмір қылған. Шәууәл айының оразасы – сүннет. Бұл оразаны пайғамбар өзі ұстап әрі басқаларды соған жігерлендірген.
Парыз бен сүннеттің тең болмағаны сияқты шәууәл айының сүннет оразасын парыз үшін жарата алмайсыз. Егер шәууәл айында ұсталуы керек болған алты күндік сүннет оразаны – сүннет мақсатында тұтқыңыз келсе, солай жасасаңыз рұқсат. Алайда, оны Рамазан айының қазасы әрі (Шәууәл айының) сүннет оразасы ретінде тұта алмайсыз.
Рамазан айының қазасы мен Шәууәл айының нәпіл оразаларының әрбірі бөлек ұсталады, яғни «бір оқпен екі қоян ата алмайсыз». Бұлардың әрбірі – бөлек құлшылық.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ