Екі дүниенің ардақтысы хазіреті Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірде тазалыққа, сыпайылыққа аса мән беретін. Тіпті үмбетіне де тазаққа мән беруін өсиет еткен. Үнемі таза, болса киімнің жақсысын киюді, алқа-салқа болмай жинақы жүруді, шаш пен сақалдың таралып, ретке келтірілуін әмір еткен хадистері де баршылық. болатын.
Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір жолы үсті-басы алба-жұлба адам құзырына кіріп келгенде:
– «Дүние-мүлкің бар ма, жағдайың қалай?» – деп сұрады. Ол, кісі материалдық жағдайының өте жақсы екендігін хабардар еткен сәтте:
– «Алла саған дүние берсе, нығметі үстіңде көрінсін!» – деп өсиет еткен екен. Өйткені Алла құлына берген нығметін оның үстінде көруін жақсы көреді.
* * *
Ата ибн Иасар былай өз еңбектерінде былай деп баяндайды: «Бірде ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мешітте отырған болатын. Шашы мен сақалы ұйпа-тұйпа бір адам кіріп келді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) оның қайта шығуын қолымен ишарат етіп, шашы мен сақалын ретке келтіруін талап еткендей болды. Әлгі кісі шашы мен сақалын ретке келтіріп, қайта кіргенде ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Араларыңдағы кез келген жанның шайтан тәрізді қиқы-жиқы, олпы-солпы болмай, реттеліп, жинақы кіргендерің артық емес пе?» – деді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ
kazislam.kz