Сұрақ: Шайтан азан даусын естісе қашады дейді, сол рас па?

Жауап: Әдетте азанның дауысы адам жанына жағымды. Азан әуезін бір естіген адам тағы естуді қалайды. Бірақ, көп жағдайда бұл мұсылман қауымына тән дүние.

Дегенмен бір күні пайғамбар сахабаларға азанға қатысты қызық жағдайды айтады. Ол азан кімнің мазасын алатыны жайында олардың бұрын естімеген және білмеген мына хабарды жеткізеді:

«Намаз үшін азан шақырылғанда, шайтанның мазасы қашып, азанды естімес үшін барын салып қашады екен. Оған қоса, қашқанда жағымсыз иіс шығарады. Азан аяқталғаннан кейін намаз оқып жатқан адамның қасына қайтып оралады. Парыз намазын оқу үшін қамат шақырылғанда қайта қашады. Қамат біткеннен кейін қайтып оралады. Адам мен нәпсінің арасына түсіп:

– Ананы да есіңе түсір, мынаны да есіңе түсір! – дейді екен.

Намазды бастамас бұрын, осыған дейін еш ойында болмаған нәрселерді есіне түсіреді. Сол себепті де, қанша ракәт намаз оқығанын ұмытып, шатасып қалады». (Бұһари 608, Мүслим 389)

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Қайырымдылық жасаудың белгілі бір мөлшері бар ма?

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу