Сәжде мен сәлем

    0
    2

    Нәжаши бұндай сәлемдесу түрін ерсі санап:

    – Неге менімен дұрыстап амандаспайсың? – дейді.

    Сонда Жағфар ибн Әбу Талип (р.а.):

    – Біз әлемдердің раббысы Алла Тағалаға ғана бас иеміз және Одан басқаға сәжде жасамаймыз. Арамыздан соңғы пайғамбар шықты. Ол бізге жәннаттық адамдардың сәлемін үйретті. Сондықтан біз сізге мұсылманша сәлем бердік, — деп сабырлы жүзбен жауап берді.

    Қ.Сабыржанұлы

    Пікір жазу