Португал футболшысы Криштиану Роналду Саудияның “әл-Насыр” клубына барғаннан кейін енді екінші саудиялық клуб – “әл-Хиләл” Аргентинаның шабуылшысы Лионель Мессиге жылына 330 миллион евро төлейміз деп өз қатарына шақырып отыр.
Бұл туралы испан газеті Mundo Deportivo жазды.
Сауд Арабиясы билігінің мақсаты – осындай ірі жалақы ұсынып, әлемдік деңгейдегі ең танымал екі футболшыны шақыру арқылы өз еліне туристерді көптеп тарту және Мысыр және Грекиямен бірге 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алу.
Қазіргі таңда Месси француздың ПСЖ клубында ойнайды. Келісімшартқа осы жылдың жазына дейін қол қойылған және тағы бір маусымға созу мүмкіндігі бар.
Айта кетейік, жуырда Қатарда өткен футболдан әлем біріншілігінде Месси бастаған Аргентина құрамасы үшінші мәрте әлем чемпионы атанған еді.