Сұрақ: Сауабы мен күнәсі тең түскен адам қайда барады?
Жауап: Адам баласы дүниеде жасаған амалына сәйкес марапатын немесе жазасын алу үшін жәннатқа яки тозаққа түседі. Ал енді бұл дүниедегі ізгі амалы жасаған күнәсімен тең түскен адам қайда барады? Ондай адамдар не істейді?
Сөйтсек, сауабы мен күнәсі тең түскен адамдар жәннат пен тозақтың арасында қалып, Алланың рақымын күтеді. Олар жұмақ тұрғындарына сәлем беріп, солар сияқты болуды армандайды екен. Кейін тозақ азабының жағдайын көріп, Алладан аман қалуын тілейді.
Бұл туралы Құран: «(Жұмақтағылар мен тозақтағылардың) арасында шымылдық бар. «Ағраф» делінген жоғары орында екі жақтағыларды да әлпеттерінен танитын біреулер бар. Бұлар: «Сендерге сәлем» деп жәннаттағыларға айғайлайды. Бұлар әлі жәннатқа кірмеген, үміт ететіндер. Қашан олардың көздері тозақтықтар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!» – дейді.
Құранда айтылған жәннат пен тозақтың ортасындағы мекен – «Ағраф» деп аталады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ