Сұрақ: Бүгінде елімізде көптеп мешіттер ашылуда. Солардың бірі бас қаламызда Мәңгілік ел даңғылының бойындағы зәулім мешіт. Мешітті тамашалауға барған уақытта сәлем намазын оқып кіру шарт па?
Жауап: Негізінде мешітке кірген адам үшін сәлем намазын оқу сүннет амалына жатады. Себебі пайғамбардың [с.ғ.с.] «Егер сендердің біреулерің мешітке кірсе, екі ракағат оқымайынша отырмасын» деп айтқан [Бұхари, Мүслим].
Сол үшін егер мешіт зияратына келген кісі намаз оқып жүрген адам болса, онда мешітті тамашаламас бұрын сәлем намазын оқып алғаны мақұл.
Ал енді мешітті тамашалауға келген жай турист болса, онда әбестік жоқ.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ