Сұрақ: Сахабаларға қатысты аят-хадистер келген бе?
Жауап: Сахабалардың сөздерін, іс-әрекеттерін растап түскен аяттар жетерлік, бұған тарих куә. Сол сияқты пайғамбардың да (с.ғ.с.) сахабалардың ерекшелігі мен артықшылығы туралы арнайы айтқан хадистері бар.
Сахабалар – аяттардың уахи болып келгенін көздерімен көрген жандар. Олар Исламның таралуына тікелей атсалысты, дін жолында қиын сынақтардан өтті.
Сол үшін пайғамбар (с.ғ.с.): «Сахабаларды сөкпеңдер! Алланың атымен ант етемін! Араларыңнан бірің Алла разылығы үшін Ухуд тауындай алтын берсеңдер де, олардың берген бір уыс, тіпті жарты уыс берген садақаларына тең келмейді!» – деген (Бұһари, Мүслим).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ