Сұрақ: Кейде отбасымызбен қонаққа барамыз. Сол кезде сәбиді көпшіліктің назарынан сақтау үшін не істемек керек?
Жауап: Егер бала әлі кішкентай немесе сәби болса, ата-ана көшеге немесе қонақа бармас бұрын оларға өзі қажетті дұғасын оқиды. Сол себепті қазақ халқы жаңа туған нәрестені қырқынан шығармай тұрып басқаларға көрсетпеген болса керек. Өйткені шақалаққа көз тез тиеді. Бұл уақытта оның жәны да, тәні де әлсіз.
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немерелері Хасан мен Хусейнге көшеге шығар алдында мына дұғаны оқыған: «Уғиизукә бикәлимәтил-ләһит-тәммәти мин кулли шайтаанин уа һәәммәтин уа мин кулли айнин ләәммәтин».
Мағынасы: «Алланың кемел сөздері арқылы сені әрбір шайтаннан және зиянкестен, әрбір өткір көзден сақтандырамын» (Бұхари).
Себебі мұсылман барлық уақытта Жаратушыға сыйнады, содан пана сұрайды. Құранда айтылғандай әрбір жаман нәрсе, көз тию, сиқыр және сол сияқты т.б. бәле-жала Алланың рұқсатымен ғана келмек:
«Әрбір мұсибат (бәле-қаза, сынақ) Алланың рұқсатымен ғана келеді» (Тағабун: 11).
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ